Бұл шараға Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығының өкілдері де шақырылды
Мемлекеттік қызметке талантты және белсенді жастарды тарту, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру және жастар арасында мемлекеттік қызмет институтын насихаттау, сондай-ақ облыстың жоғары оқу орындары мен орташа оқу орындарымен бірлесіп өткізілетін департамент жобаларын таныстыру мақсатында Қостанай автомлбиль көлігі колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ іс-шараға Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығының өкілдері шақырылды.
Кездесі барысында, студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және студенттерді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру рәсімі түсіндірілді.
Студенттердің яғни жас қызметкерлердің мемлекеттік органға бейімделуіне, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мен жеңілдіктеріне қатысты мәселелер қызықтырды.
-Бүгінгі студент ертеңгі жас маман. Оқу орнын аяқтап, қолына диплом алған жастардың алдына қайда барып жұмыс істесем деген мақсат тұрады. Міне, осындай жастарға мемлекеттік қызмет жайында жан-жақты мәлімет беру біздің басты парызымыз. Осыған орай қаламыздағы колледждердің бірінде болашақ жас мамандармен кездесіп, олардың келешегі үшін маңызды мәліметтер бердік. Осы ретте әр қолына диплом алған жас маман еліміздің келешегі үшін аянбай еңбек етуі керек,-дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департементінің бас маманы Әлия Айтуарова.
Осы тәріздес іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметке жаңа, озық ойлы, талантты жас кадрлардың келуіне ықпал етеді.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77