Новости Социум

Жаңа ықшамауданда жаңа мектеп ашылды  

«Әуежай» ықшамауданындағыжаңа мектеп 900 оқушыға арналған

Білім күні қарсаңында қаламыздағы құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Әуежай» ықшамауданында №29 орта мектеп оқушыларға есігін айқара ашты.

 Жаңа білім ордасының ашылу шарасына жиналған ышқамаудан тұрғындарының, ұстаздар мен оқушылардың мерекелік көңіл күйлері көтеріңкі. Балғындар арнайы әкелген гүл шоқтарын ұстаздарына табыстап, мұғалім құшағын гүлге толтырды.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатынасып, өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың құттықтау лебізін жеткізді.

– Баршаларыңызды мектептің салтанатты ашылуымен және де білім күнімен құттықтаймын. Қаламызда қазіргі заман талабына сай тағы бір мектеп бой көтерді. Осындай  мектепте ұстаздарымыз оқушыларымызға  сапалы білім, саналы тәртіп  беретіндіктеріне сенемін мол. Өйткені, өңірімізде білім алатын оқушыларымыздың  түрлі олимпиадаларда, ғылыми және түрлі білім   жарыстарында жеткен жетістіктері орасан. Жаңа мектеп ғимараты — «Сыл» ЖШС-нің бірегей жобасы. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лифтілермен жабдықталған. Сондай-ақ, мектепте пандустар бар. Бүгінгі мерекемен Архимед Бегежанұлының ыстық ықыласы мен құттықтауын жеткізгім келеді, – деді Марат Қонысбайұлы.

Салтанатты шара барысында Ұлы ұстаз, ағартушы, Қостанай жерінің мақтанышы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген өлең-үндеуінің маңыздылығы жаңа мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларға насихатталды.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі лебізін жеткізу үшін «Алтын алқа» белгісімен марапатталған көп балалы ана Жанат Мерзаевнаға сөз берілді.

–Құрметті қонақтар, Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Баршаларыңызды Білім күні мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Менің сегіз балам бар. Олардың төртеуі осы үй жанындағы мектепте оқиды. Барлық ата-аналардың атынан алғысым шексіз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп дамуының арқасында көп балалы отбасы ретінде 3 бөлмелі пәтерге ие болдым. Жаңа ашылғалы отырған мектебімізге шығармашылық табыс, білімді ұрпақ тілеймін. Ел басқарып отырған барша азаматтарымызға рақмет. Қазақстанымыз өркендеп, гүлдене берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш, балаларымыз бақытты болсын, – деді көп балалы ана Жанат Шакирова.

Бірінші болып, алғашқы рет мектеп табылдырығын аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларымен Марат Қонысбайұлы мектепке енді. Ғимарат ішін аралап, сыныптарды аралап көрді.

Мектепте, 1-10 сынып оқушыларының саны – 725 білім алушы, 29-сынып. Сондай-ақ, 75 балаға арналған шағын орталық бар. Оқушыларға 48 мұғалім тәлім береді. Мектеп іші – 11 интерактивті тақта және оқушыларға қажетті техникалық құралдармен толық жабыдықталған.  Жалпы құны 220 млн теңгені құрайды.

Білім ұясынын директоры Жанар Асанованаға «Сыл» ЖШС-нің басшысы жаңа мектеп ғимаратының символдық кілтін табыс етті.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77