Біздің Қостанай

Жауапкершілікті талап етеді

Бұл қағиданы әрбір азаматтың бойына сіңіре білуіміз қажет


Маусым айының алғашқы жетісі ұлттық нақыштарымызды айғақтайтын ұлық мереке.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2004 жылдың 4 маусымдағы Жарлығына сәйкес, республикамызда 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні деп аталып келеді.

Атаулы күн қарсаңында «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Күзембаев Рахат Төлегенұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Рахат Төлегенұлы, мемлекетіміз бен еліміз үшін киелі саналатын – Мемлекеттік рәміздерімізге – 27 жыл. Осыған орай, сіздің рәміздерімізге деген құрметіңізді, көз – қарасыңызды білсек…

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің негізгі іргетасы болып табылады. Өз елімнің жанашыры ретіде Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараймын. Бұл тек мемлекеттің таным белгісі ғана емес, сонымен қатар біздің еліміздің әрбір азаматы үшін егемендік белгісі. Сондай-ақ, ата-бабаларымыздың тарихы мен қаһармандық жетістіктері. Елдің игілігі, жеріміздің кеңдігі, баршасы ата-баба арманы мен үміті болатын. Бабадан қалған ұлылықтың барлығын, егемен еліміздің өркендеу жолында, біз ұрпағы жалғастыруымыз керек. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанға деген мақтаныш сезім оның рәміздерін құрметтеуден басталады». Сондықтан мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш тудыруы керек. Оларға деген көзқараста ерекше болуы қажет.

– Рәміздерді құрметтеу, қастерлеу тек мемлекеттік мекемелердің құзырында деген түсінікпен қарайтындар бары жасырын емес. Осыған сіз қалай қарар едіңіз?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін тек қана мемлекеттік қызметегі азаматтар құрметеуі керек деген теріс пікір. Тәуелсіз еліміздің нақыштарын барша осы елде ғұмыр кешіп жатқан азамат пен азаматша құрметтеп, қасиетін ұғынуы тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – біздің мемлекетіміздің ілгерілеушілік негіздерінің бірі. Олар Отанымыздың Тәуелсіздігінің қасиетті біртұтас бейнесін білдіреді және әлемнің алдында мәртебеміз болып табылады.

– Сіздердің бөлімдеріңіз мекемелерге рәміздердің орналасу сипаты жөнінде бағалау жүйесін қалай жүргізеді?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның 12-бабына сәйкес жергілікті атқарушы билік тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалануды белгілеуді, орналастыруды қадағалайды. Негізінде, жалпы орта, бастауыш, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында еліміздің рәміздерінің белгіленген жерде орналастыруын қатаң сақтау қажет. Мемлекеттік Туды арнайы белгіленген жерде, Мемлекеттік Елтаңбада сондай кескінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мемлекеттік тілдегі мәтінінде жазылып орналастырылған болуы керек.

– Рәміздерімізге байланысты жастардың патриоттық сезімін оятатын қандай шаралар ұйымдастыру керек деп ойлайсыз?
Бүгінгі жастарымыз патриот емес деп айта алмаймын. Еліміздің өркендау жолында аянбай қызмет етіп жүрген жастар баршылық. Біз Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мерекелер кезінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырамыз.

Жастарымыздың басын қосып жиындар, дөңгелек үстел басында мән-маңызға ие сұхбаттар жүргізіліп тұрады. Міне, осындай келелі басқосулар жиі болып, сапалы үгіт-насихат шаралары көбірек ұйымдасытырып отырғаны жақсы.
Ал, жалпы айтып керер болсам, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін ояту үшін, олардың мәні мен мағынасын терек сезіндіру керек деп есептеймін. Менінше, кез-келген дүниенін қасиетін терең сезінбеген адам оған құрметпен қарамайтыны сөзсіз. Сол себепті патриоттық сезім ең алдымен өзіңнің туған жеріңе болуы керек.

Ауылыңа, ауданыңа, қалаға былайша айтқанда кіндік қаның тамған жеріңе…Қазақта «Туған жерің сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?» деген қанатты сөз бар. Осының мағынасын жастарымыз терең түсінсе игі.

– Сүбелі сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан
Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77