Социум

«Жанашыр бол» қоғамдық қоры үш отбасыға қайырымдылық жасады

Көмекке зәру жандар қор қызметкерлеріне алғыстарын білдірді

«Жанашыр бол» қоғамдық қоры қаламыздағы көмекке зәру үш отбасына өткен Құрбан айт мерекесіне орай азық-түлік дорбаларын үлестірген болатын.

Қордың тарапынан көп балалы ана Нина Петрецова, жалғыз басты мүгедек әке Владимир Резниченко және дүниеден өткен қызының төрт баласын бауырына алып, қамқорлық танытып отырған әжейдің үйіне барып, азық-түлік таратты.

-Бұл кісілерге біздің қайырымдылық қор үнемі қолдау беріп келеді. Оларға қолымыздан келгенше азық-түлік, балаларға киім-кешек, түрлі ойыншықтар сыйға тартуға тырысамыз. Биыл да міне, Құрбан айт мерекесіне орай бірқатар азық-түлік түрлерін әкеліп бердік,-дейді «Жанашыр бол» қоғамдық қорнының қызметкері Фатима Мукушева.

Сондай-ақ үйіне азық-түлік дорбасын алып барғанда, қордың қызметкерін қуанышты жүзбен қарсы алған, 6 баланың анасы Нина Петрецованы сөзге тартқанымызда, ол:

-Мен көп балалы анамын. Басымда баспанам жоқ. Пәтер жалдап тұрамын. Жергілікті әкімдікте пәтер тізімінде тұрмын. Бірақ қашан пәтерге ие болатыным белгісіз. Өзім тұрақты жұмыс істемеймін. Өйткені, балаларым кішкентай. Оларға қарайтын адам жоқ. Қазір үлкен қызым екеуіміз көп қабатты үйлерде подъезд жуып, ақша тауып жүрміз.

Тұрақты жұмысым болмаған соң үйдің ай сайынғы ақысын да уақыты төлей алмай, үнемі көшіп жүреміз. Қазіргі тұрып жатқан үйім 2 бөлмелі. Оны 90 мың теңгеге жалдап отырмын. Оның үстіне коммуналдық қызмет қосылады.

Әрине, көмек беремін деген жан болса қуанар едім. Бүгін де тек «Жанашыр бол» қоғамдық қорының тарапынан ғана көмек көріп отырмын. Бұл кісілерге алғысым зор,-деді.

Қайырымдылық – ұлы іс. Көмекке зәру жандарға барынша қол ұшын созып, олардың мойнындағы ауыртпалықты жеңілдету үлкен сауап болса керек.  Бр-бірімізге қамқорлып жүрсек, өмір гүлдене түсері анық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77