Социум

«Астықжан» және «Солнечный» супермаркеттерінде қант бір адамға бір келіден сатылып жатыр

Аталмыш супермаркеттердегі қанттың бағасы басқа сауда орындармен салыстырғанда біршама арзан

Қаламыздағы бірқатар супермаркеттердің сөрелерінде қанттың пайда болғанын есіп, бағасын білу үшін арнайы барып қайтқан едік. Қазіргі таңда «Солнечный» және «Астықжан» супермаркеттерінде  бір адамға бір келі қанттан сатылып жатыр екен.

«Юбелейный» шағын ауданындағы «Солнечный» супермаркетінде қанттың келісі 670 теңге. Бір адамға 1 келі қан ғана сатылуды. Қант тұрған сөреде «Құрметті сатып алушылар біз қантты сатуға шектеу қоюға мәжбүрміз. Әр сатып алушыға 1 кг-нан артық алуға болмайды» деп жазылған.

– Бізде қант күнде сатылымға қойылады. Әрине, сату мөлшері бар. Бір адамға бір келі ғана қант сатамыз. Күнделікті түскен қант сатылып кетіп жатыр. Мен «Апельсин» сауда орталығындағы «Солнечный» гипермаркетінің қызметкерімен, бүгін тек жарты күнге  осындағы әкімшіні орнына жұмысқа шыққан едім. Сондықтан мұндағы қанттың сатылу барысымен толық таныс емеспін. Бірақ, соңғы уақытта біздің сауда орнынан  қант тез арада сатылып кетіп жатқанын байқап жүрмін. Мұнда қант әлсін-әлсін әкелініп тұрады. Бірақ тез сатылып кетіп жатыр, – дейді супермаркет әкімшісі Раиса Орехова.

Осыдан кейін қанттың бағасын білу мақсатында «Қостанай плаза» ойын-сауық орталығындағы «Астықжан» супермаркетіне барған едік.

Мұнда қанттың келісі 639 теңгеден сатылып жатыр. Күнде 10:30 бір арба 100 келі қант сатылымға қойылады екен. Бір адамға бір пакет ғана қант беріледі.Бір пакетке 1 келіден астам қанрт болады.

– Бізде қант тапшылығы жоқ. Күнделікті 100 келі қант сатылымға қойылады. Таңертең 10:30-да қант өлшеніп сатылымға қойылады. Бір пакетте 1 келіден артық қант болуы мүмкін. Бізде қанттың келісі – 639 теңге. Бір адамға бір пакет қант ғана сатылады. Одан артық берілмейді. Қант тез сатылып жатыр. Кеше сатылымға қойылған қаттан тек шамалы ғана қалды. Бүгін соның үстіне толтырып, тағы бір арба қантты сатуға қойып отырмыз,-дейді «Астықжан» супермаркетінің бөлім менеджері Леонид Тукало.

Осы ретте супермаркеттің келісі 639 теңге тұратын қантының арбасын күтіп, жиналып қалған тұрғындарды да көзіміз шалды. Солардың бірін сөзге тартқанымызда:

– Мен қанттың әкелінуін күтіп тұрмын. Жетісіне екі рет осында келемін. Қантты күнделікті шай ішуге, тәтті тоқаш пісіруге сатып аламын. Қазір бір адамға бір келіден ғана сатып жатыр. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Осылайша бәрімізге жететіндей етіп сатып жатқандарына қуаныштымын. Мұндағы баға басқа дүкендермен салыстырғанда біршама арзан. Келісі 639  теңге, басқа жерлерде мұндай баға жоқ. Сондықтан реті келгенше осы жерден қант алып кетейін деп тұрмын,-деді зейнеткер Тамара Бебех.

Расында да шағын азық-түлік дүкендерінде қанттың келісі 800-950 теңге аралығында. Сондықтан қала тұрғындары үшін күнделікті тұтынатын қантты бір келіден супермаркеттерден арзан бағада сатып алған тиімді болса керек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77