Қостанай күннен-күнге гүлденіп, дамып келе жатқан әсем қалалардың бірі. Қыс айларында қала көшелері уақытында қардан, жаз мезгілінде қоқыстан тазартылып жатады. Қала тазалығына жауапты мекемелердің жұмысшылары таңның атысымен қызарып күн батқанша, шаһар көшелерін тазарту жұмыстарымен айналысады. Бұл әрдайым басты назарда. «Қостанайдың көшесінен қиғаш жатқан бір қылды таппайсың» деп осыдан кейін айтылса керек.
Осындай тазалығымен, жайқалған гүлдерімен сырттан келген қонақтардың есінде сақталатын қаламыздың гүлдене түсуі жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың дер кезінді тисілі салаларға бөлініп, діттеген жеріне жетіп отырғанының айқын көрінісі болса керек.
Осы орайда, қалалық бюджеттің қай салаға басымдылық беріп, бөлініп жатқанын білу мақсатында Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі ММ басшысы Раиса Айткужиновамен арнайы жолығып, көкейіміздегі сауалымызға нақты жауап алған едік.
– Үстіміздегі жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша шығыстар жоспары 37 млрд 325 млн теңгеге тең, кассалық шығыстар 37 млрд 324 млн теңгені немесе жоспарға 100%-ды құрады. Қаражатты жұмсау 13 бағыт бойынша жүргізіледі: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс қызметі, көлік және коммуникация, борышқа қызмет көрсету, трансферттер, займдарды өтеу және басқалар.
Шығыстардың негізгі үлесі білім беру және спорт мекемелерін беруге байланысты облыстық бюджетке бюджеттік алулар мен трансферттерді төлеуге – 40,2% немесе 15 млрд 13 млн теңге, ТКШ – ға – 18,8% немесе 7 млрд 22 млн теңге, тұрғын үй құрылысына алынған кредит үшін борышты өтеуге – 18,3% немесе 6 млрд 826 млн теңге тиесілі. Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға 1 млрд 420 млн теңге немесе 3,8% бағытталды, оның ішінде әлеуметтік және тұрғын үй көмегі – 263 млн, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 279 млн, жұмыспен қамту бағдарламасы – 145 млн, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ағымдағы ұстау) – 2 млрд. 916 млн, қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру – 139 млн теңге дер кезінде игеріліп, қажетті мақсаттарға жұмсалған. Ал құрылыс саласы бойынша тұрғын үй құрылысына – 4 млрд 160 млн теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 1 млрд 332 млн теңге қолданысқа берілді,-деді.
Қалалық бюджеттен бөлінген қаражаттың соңғы 6 ай ішіндегі игерілген көрсеткіші осындай. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері қала көшелерін жарықтандыру мақсатында шамдар орнатылып, жолдар жөнделіп жатыр. Әсіресе, құрылыс саласының да қарқынды жұмыс істеп жатқанын байқайсың. Қаламыздың орталығында да көп қабатты тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. Олардың бірнешеуіне тұрғындар жайғасып та үлгерген. Осы ретте биыл қаламызды гүлдендіріп, жасыл желекті күтіп баптауға да ерекше көңіл бөлінгендей. Қала орталығындағы ағаштар, түзу қырқылып, алыстан көзге түседі.
Жергілікті бюджеттің қаражаты діттеген жерге жетіп, көзделген мақсатқа жұмсалса, тұрғындардың да көз алдында болары анық. Қаражаттың қайда кетіп, қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын қала тұрғындары күнделікті Қостанайдың таза да әдемі көшелерінде қыдырып, кәусардай таза ауасымен тыныстап байыптай алады.
Бүгінгі қаламызда осыдан 10 жылғы келбетімен салыстырғанда көптеген игі өзгерістердің орын алғанын байқаймыз. Орталықтағы әсем ою-өрнектер, түрлі гүлден, шөптен жасалған дүниелер, шаһарымызға ерекше көрік беріп тұрғындай.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77