Бас жүлде Аламан бәйге жеңімпазы 1 млн 400 мың теңге сыйақыға ие болды
Бүгін Заречный кентіндегі “Арғымақ” атшабарында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен ат жарысы өтті. Онда өңіріміздің 30-ға жуық тұлпары қатысты. 1200 метр қашықтықта Ұшқыр бәйге, 2400 метр қашықтықта Ұшқыр бәйге, 7000 метр қашықтықта Құнан бәйге, 20 000 метр қашықтықта Аламан бәйге өтті. Обоысымыздың Амангелді, Қарабалық, Федоров, Жітіқара, Қастанай және басқа аудандары мен қалаларынан қатысқан кіл жүйріктер бір-біріне дес бермеді.
– Бұл бәйгенің басты мақсаты – қазақтың қазанатын сақтап қалу. Ұлттық спортты барынша дамыту. Соның ішінде ат спортын жоғары деңгейге көтеру. Осы мақсатта осындай бейнелер алдағы уақытта да өткізіліп тұрады,-дейді ат жарысты ұйымдастырушылардың бірі Рахат Жақсыбаев.
Жүйріктің де жүйрігі болатыны белгілі. Нағыз бабындағы тұлпарлар басқаларына шаң қақтырып, жүлделі орындарды иеленді. 1200 метр қашықтықта шарқан бірінші Ұшқыр бәйгесінің нәтижесі бойынша 1 орынды “Аскольд” шабандозы Нұрислам Ораз “Қазақ тұлпары” зауытының аты жеңіп алса, 2 орынды “Коржик” шабандозы Абылайхан Садман Қостанай ауданы иеленсе, 3 орынды “Рассул” шабандозы Мария Кариева “Қазақ тұлпары” зауытының аты місе тұтты. Ал екінші 2400 метр қашықтықта Ұшқыр бәйгесі бойынша 1 орынды “Гүлжайна” Ескендір Белгібаев, 2 орынды “Абсент” Ринат Ертас, 3 орынды “Дара” Даурен Жусупов иеленді. Құнан бәйгеде 1 орын “Гүлсара” шабандозы Асқар Туребаев Жітіқара ауданы, 2 орын “Береке” шабандозы Олжас Еркін, 3 орын “Бонус” Ильдар Багельдинов Қамысты ауданынан келген тұлпарға бұйырады. Аламан бәйгеде аттар 10 айналым 20 000 метр қашықтыққа жарысты. Мұнда ұзаққа жарысқан 9 аттың ішінде топ жарған “Тахмина” шабандозы Асқар Туребаев, Жітіқара ауданының тұлпары жүлделі 1орынды иеленді. 2 орын шабандозы Асуан Ахметов “Краноармеец” Жітіқара ауданының тұлпары жеңіп алды. Ал 3 орынды Әулиекөл ауданының тұлпары “Либерия” шабандозы Нұрасыл Ахметов иеленді. Осылайша ат жарысқа жиналған қауым сәйгүліктердің шабысын тамсана да қызыға тамашалады. Бәйге барысында Қостанай ауданының “Алтын дән” мәдениет үйінің әншілер әсем әннен шашу шашты.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77