“Қостанай қызғалдақтар” домбырашылар флешмобы қала тұрғындарының көңілінен шықты
Сүйікті қаламыз Қостанайдың 143 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтіліп жатыр. Бүгін таңертеңгі 11:00-де басталған мерекелік іс-шаралар жалғасын табуда. Солардың бірі облыстық әкімдіктің алдында өткен 140 домбырашы қатысқан “Қостанай қызғалдақтар” атты флешмобы. Мұнда қаламыздағы музыка мектебінің шәкірттері мен орта мектептердегі домбыра үйірмелерінің қатысушылары және жеке орындаушылар өнер көрсетті.
– Бүгінгі домбырашылар флешмобына 7-14 жас аралығындағы балалар қатысып отыр. Олардың барлығы да домбыраш, өнерлі балғындар. Өздерінің сүйікті қалалары Қостанайды туған күнімен құттықтап, өнерлерін ортаға салуда. Қостанайлықтар да күмбірлеген домбыра үніне тербеліп, балалардың өнеріне тәнті болды,-дейді қалалық музыка мектебінің директоры Гүлнар Кучикова.
Орталықта өткен шара барысында, “Ерке сылқым”, “Тепеңкөк”, “Балбырауын”, “Адай”, “Әлқиса” сынды 12 халық күйі орындалды.
– Мен Қостанай қаласын қатты жақсы көремін. Біздің қаламыз таза да әдемі. Еліміздің көрікті қалаларының бірі. Бүгін қала күні мерекесіне балаларымды ертіп, орталыққа келдім. Керемет мерекелік шаралар өтіп жатыр. Міне, халық күйлерін тыңдап, мәз болып тұрмын. Маған домбыраның үні ұнайды, күй тыңдаған ұнайды. Сондықтан барлық домбырашы бүлдіршіндерге алғысым зор. Қала күні құтты болсын. Шаһарымыз көркейіп, дами берсін,-дейді қала тұрғыны Ақбөпе Айткодина.
Қала күні осылайша жрғары көңіл-күйде өтіп жатыр.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77