Оның қарапайым почташыдан басшылыққа дейінгі еңбек жолы көпке үлгі
Қазан айының тоғызы айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алдырған почташылардың төл мерекесі. Осы орайда «Қазпочта» АҚ Қостанай облыстық орталық филиалына арнайы хабарласқан болатынбыз.
Бүгінгі кейіпкеріміз Ольга Кирюхина аталмыш мекемеде он екі жылдан астам еңбек етіп келе жатқан алдыңғы қатарлы қызметкерлердің бірі екен. Бүгінгі күні ол Орталық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін аса жауапкершілікпен атқарып келеді. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарда да белсенді, кәсіподақ мүшесі. Ольга Анатольевна күнделікті жұмыс барысында халықпен тығыз байланыста сонымен қатар операторларлардың сапалы қызмет көрсетулерін қадағалау да оның құзырында. Бір сөзбен айтқанда, жан жақты жұмысты атқарады. Қарапайым хат тасушыдан жауапты қызметке тағайындалуына дейін де біраз еңбектеніп, өзінің жұмысқа деген құлшынысы мен жауапкершілігін көрсете білген Ольга Анатольевна әріптестерінің ортасында да сый құрметке ие.
Жастайынан адал еңбекке жақын болған ол студенттік кезден ақ, почтаға хат тасушы болып жұмысқа тұрған екен. Қарасу ауданының Восток ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген екен. Жоғары білім ала жүріп үш жыл қатарынан өзіне бекітілген учаскілерге уақытылы хат хабарын жеткізіп, халықтың алғысына бөленеді. Қолына дипломын алған сәттен осы филиалға оператор болып жұмысқа орналасу мүмкіндігі туады. Бұл кезде өзі бауыр басып қалған мекемеде жұмысын жалғастыру Ольга үшін өте қуанышты жаңалық болған екен. Осы сәтте жас маманды тәжірибелі мамандар қамқорлығына алап, тәлімгер болады. Бүгінде Ольга Анатольевна үшін олардың ақыл кеңесінің орны бөлек. Олардың қатарында Надежда Колотько, Нина Ефимова, Елена Туребекова, Қайрат Сагадиев бар деп еске алды.
– Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін жұмыс болғанымен күнделікті жұмысымызға жаңалықтар еңгізіліп отырады. Әрдайым жаңашылдыққа бет бұрудамыз. Бүгінде «Қазпошта» АҚ 2000 жылдан бастап Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылады, шоттарды жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асырады, Қостанай облысының әрбір тұрғыны Қазпошта бөлімшесіне келіп ,акцияларды сатып алуға ақша сомасын аударуды жүзеге асыра алады, сол арқылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ портфельдік компанияларының IPO-на қатыса алады. Қазақстандық почтаның қазіргі заманғы моделі пошталық, қаржылық және агенттік қызметтердің кең спектрін көрсететін банктік емес қаржы мекемесінің ерекшеліктерін қамтиды.
ҚР аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, құжаттар мен жүктерді сақтандырумен және қауіпсіздік кепілдігімен Қазақстанның кез келген нүктесіне «қолдан қолға» жеткізу курьерлік қызметі де бар. Біздің жұмысымызда әмбебап қызметтер көрсетіледі. Құнды қағаздармен де жұмыс жасаймыз. Хат, сәлемдемелер оның сыртында қаржылық және почталық операциялар жүзеге асып жатады. Осындай жұмысты алып кетуім менің мықты тәлімгерлерімнің арқасы деп білемін . Жұмыста қандай да бір ерекше не қызықты сәттер болады деген сұрағыңызға да жауап бере кетейін. Жуырда почтаға бір екі жас қыз келіп әскерге кеткен жігіттеріне хат жолдады, оны көріп біздер таң қалдық. Соңғы жылдары қызметтік хаттардан бақа қарапайым халықтың бір біріне хат жазысуы тоқтаған. Қазір бәрі телефон арқылы хабарласып, хат алмасады ғой. Ол қыздар конверттің сыртын қалай толтыратынын да білмей көмек сұрап жаты. Мүмкін бұл цифравизациянын дамуымен де байланысты шығар. Дегенменен әскерге хат жолдаған қыздарды көріп біздің де жүрегіміз жылып қалды. Жылулыққа толы көрініс дер едім. Міне, жұмыс барысында осындай сіттерге де куә болып жатамыз.
Осы сәтті пайдалана отырып барша әріптестерімді мерекемен құттықтағым келеді. Қиын да қызықты қызметтеріне табыс, дендеріне саулық тілеймін, – деді Ольга Кирюхина.
Жарқын жүзді, өз ісіне мығым қызметкер Ольга Анатольевнаға біз де тек сәттілік тіледік.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77