Образование

“Ыбырай шығармаларын білеміз бе?” сайысы жеңімпаздарды анықтады

Апталықтың жұмыс жоспары бойынша қазанның 18 күні Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 6 сынып аралығында «Ыбырай шығармаларын білеміз бе? Brain ring» атты сайыс өтті

Балаларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік берілді. Оқушыларды өз ана тілін қастерлеуге баули отырып, өзге тілді білуге, үйренуге деген қызуғышылығын арттыру, өзге тілді білетін еліміздің білімді де, жан-жақты патриот азаматын тәрбиелеу мақсатында өткізілен іс-шара оқушылардың көңілінен шығып, білімдерін одан сайын кеңейтінуліріне себеп болды десек артық болмас еді.

Сайысқа әрбір сыныптан алты оқушыдан тұратын топ құрылып, өз топтарының ұрандарымен таныстырды. Қалған оқушылар жанкүйер болып, көрермен ретінде өз топтарына жанашырлық танытып отырды. Сайыстың жүргізушілері Мутунова С. мен Айтымбетова Ә. іс-шараның ережесімен таныстырды. Сайыс үш кезеннең тұрды. Әрбір кезеннің өз қиындықтары мен қызығушылық сәттері көп болды. Ы. Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Бақша ағаштары», «Дүние қалай етсең табылады?» шығармалары бойынша зияткерлік сұрақтар қойылып, оқушылар сол сұрақтарға жауаптарын үш тілде қайтарып отырды.

Топ басшылары Санай Санжар мен Хаджабай Әсел Ы.Алтынсариннің бірнеше өлеңдерін жатқа оқып сайысқа түсті. Қалған топ мүшелеріне басқа да тапсырмалар берілді. Жалпы зияткерлік сайыс ойыны өте қызықты да тартымды өтті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша жеңіске 6 «А» сыныбы жетті.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77