Социум

Қостанайлық құтқарушылар кәсіби мерекелерін атап өтті

Ағымдағы жылғы 19 қазанда «Қалалық балалар шығармашылығы мектебі» КММ ғимаратында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті

Іс-шараға қатысушылар қызметтік борышын орындау кезінде өз өмірін қиған азаматтық қорғауоргандарының батырларын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кейін Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Б. Кәрімов құтқарушыларды кәсіби мейраммен құттықтады. Ол Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Ю.Ильиннің Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 27 жыл толуына орай құттықтауын оқыды. Жеке құрамға қызметі мен кәсібилігі  үшін алғысын білдірді. Ардагерлерге ерекше алғыссөздер айтылды.

Бұл күні құтқарушыларға азаматтық қорғау органдарының Ардагерлер кеңесінің төрағасыА.Мельниковтың, қызмет ардагерлерінің жылы лебіздері, құттықтаулары мен тілектері айтылды.

Кәсіби мереке құрметіне ТЖД бөлімшелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды, бір қызметкер кезектен тыс атаққа ие болды, сондай-ақ Департамент басшылығымен көтермеленді, Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. ТЖД жас қызметкерлерін Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін азаматтық қорғау органдарының ардагерлері де марапатталғандардың қатарында болды.

Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында құтқарушылар күні қарсаңында өткен балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталды.

Қостанайдың танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары мерекелік көңіл-күй мен барлық қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77