«Өзіне ұнайтын іспен айналассаң, өміріңнің бір де бір күнінде жұмыс істемейсін»
Мариям Доскаева жоғарғы білімі бойынша қаржыгер. Алайда мамандағы бойынша жұмыс істей алмайды.
Өйткені 2011 жылы екі бүйрегі қабынып, 2011-2012 жылдары гемодиализ процедурасына жүгінуге тура келген екен, бұл жасанды бүйрек аппараты. 2013 жылы бүйрек трансплантациясы жасалды. Міне, осылай 9 жыл өмір сүріп келеді. Оған қарамастан еңбек етіп, өз ісін ашқан жан.
– «Бизнес Бастау» курстары жайында кездейсоқ білдім. Пандемия кезіңде кірпік жасаумен айналысқан болатынмын. Бұл іспен айналасу қиын болды, себебі ол кезде келушілер аз болды. Содан кейін жұмыспен қамту орталығына бардым, маған мүгедектіктің 1 тобы жұмысқа жарамсыз екендігін түсіндірді. Осы курсты өтуді ұсынды. Әрине, мен бірден келісіп, барлық керек құжаттарды алып келдім, 2021 жылдың мамыр айында оқу басталды. Өзіміз оқып, тестілеуден өтіп отырдық. Тестілеуден кейін, бизнес план құру керек болды. Оны қорғағаннан кейін, курсты тамамдаған жайында сертефикат берілді. Сол кезде кішкентай балаларға киім сатумен айналысып жүрген едім, қосымша керек жабдықтарымды алғым келді. Бірақ грант берілмеді. Ал екінші бизнес – план бойынша айтатын болсам, балама төсек жабдықтарын тігіп берген болатынмын, біртіндеп таныстарым, туыстарым да қызығып, тапсырыс берді. Тек балаларға арналған төсек жабдықтарын тігіп отырдым. 2021 жылдың қыркүйек айында жұмыспен қамту орталығынан хабарласып, қайта грантқа өтініш беруге болатындығын айтты. Екінші бизнес жоспарды жазып, ол жерде тігуге арналған басқа да керекті заттарға қаражат керек екендігін айтып кеттік. Оны қорғап, 58 3400 теңге көлемінде қаражат берілді, – дейді Мариям Доскаева.
Егер қаласаң, кез келген қиындықтан жеңіл өтуге болады. Ал Мариям өз ісін таба білген жан. Мамандығы бойынша жұмыс істей алмаса да, кейін осындай үлкен жетістікке жетті. Бастысы ізденіп, өзіне ұнайтын нәрсемен айналасады.
– Маған Конфуцийдің бір сөзі ұнайды. Ол «Өзіне ұнайтын іспен айналассаң, өміріңнің бір де бір күнінде жұмыс істемейсін» деген.Өте керемет сөздер, мен тігуді қатты жақсы көремін, сондықтан бұл жағынан ешқандай қиындық жоқ,- дейді грант иегері.
Оның айтуынша, осындай гранттық қаражат көптеген адамның өмірін өзгертіп жіберетін жаңа мүмкіндік. Үкіметке алғысы шексіз, оған қоса курс өткен уақытында Гүлнара Даулетжановна деген кісі барлықтарына көмектесіп отырғанына рақмет айтады.
Өмірден қол үзбей әр күнді өзін қалайтын істі жасап өткізу. Өзіне ұнайтын істі табу, әр адамның қолынан келе бермейді. Ал Мариям болса, кез келген жағдайда шешім бар екендігін дәлелдеп, жұмысқа қабілеттілігін көрсете білген нағыз қазақтың қайсар қызы.
Аяжан СЕРІК,
сурет кеіпкерден алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77