Біздің Қостанай Социум

Зор мүмкіндіктерге жол ашу

Қос тарап алғаш рет ынтымақтастық меморандумына қол қойды


Бұл әйелдер күші Альянсы меморандумға қол қойып отырған алғашқы партия.

Өткен аптада Қостанай облысы әйелдер күштері Альянсы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалымен Қазақстан әйелдерінің жағдайын және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды дамытуға, сондай ақ, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Іскерлік кездесу барысында Қостанай облысы әйелдер күштері Альянсының төрайымы Римма Бектұрғанова сөз алып әйелдер күштері Альянсы мен партиялар арасындағы тығыз қарым қатынастық пен жұмыс барысындағы байланыс жайында айтып өтті. Сонымен қатар әйелдер күші Альянсында әр партия өкілі бар екенін, соның бірі «Ақ жол» партиясымен бірінші болып ынтымақтастық меморандумына қол қойып отырғандарын. Бұған дейін 2020 жылғы сайлау жұмыстарында аталмыш партиямен бірлесе жұмыс жасап, бірнеше жобаларды бірге атқарғандықтарын айтты.

– Бұл әйелдер күші Альянсы меморандумға қол қойып отырған алғашқы партия. Алдағы уақытта атқарып отырған жұмысымыз жақсы нәтижелер көрсететініне сенім білдіремін, – деді Римма Бектұрғанова.

Өз кезегінде сөз алған «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасының орынбасары Меруерт Жабаева қонақтарға өз атынан алғысын білдіре отыра, алдағы уақытта бірлесе отырып жемісті жұмыс атқаратындықтарына сенім білдірді.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасының орынбасары Меруерт Жабаева: «Біз ынтымақтастығымызға өте қуаныштымыз, болашақта екі тарап та кез келген уақытта бір-біріне көмек қолын созуға әрқашан дайын болады деп үміттенеміз. Бұл ерекше сәт және біз әйелдер күштерінің Альянсымен бұрыннан таныс екенімізді және сіздердің жетістіктеріңізді, еңбектеріңізді және еліміздің дамуына қосып отырған үлестеріңізді атап өткім келеді. Сіздермен бірге көптеген шыңдарды бағындырамыз деп үміттенеміз» дей отыра «Ақ жол» партиясының атынан әйелдер күші Альянсы мүшелеріне партияның атқарып отырған жұмыстары енген кітапты тарту етті.

Дөңгелек үстел басында бас қосқан Қостанай облысы әйелдер күштері Альянсының үйлестіру кеңесінің мүшесі Айгүл Тәженова, әйелдер күштері Альянсының орынбасары, әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінің жетекшісі Гүлбайрам Төлебаева, гендерлік орталықтың мүшесі, кәсіпкер Дилара Тұрғанова, «Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиалының аппарат басшысы Аяна Шүкібаева, «Ақ жол» ҚДП нан Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Виктор Недин алдағы жұмыс барысына сәттілік тіледі.

Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінің жетекшісі Гүлбайрам Төлебаева орталық мүшесі Дилара Тұрғановамен бірлесе атқарған мектептің ауқымды жұмыстары жайлы кеңінен айтып берді. Осы орайда мектеп шарасыз күйге түскен әйелдер мен қатар ер кісілерге де көмек қолын соза алатындығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар әйелдер көшбасшылық мектебі түрлі салада өзін дамытамын деген еңбекке құштар әйелдерге жол ашып келе жатқандығын да атап өтті.

Жан ШАЙМЕРДЕН,
суретті түсірген
Анжелика ГРАЧЕВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77