Біздің Қостанай

Хендмейд бағыты сұранысқа ие

Жаңашылдыққа бет бұра отыра қолөнерін дамытқан Тамаша Мухамеджарова


Еңбектенген адам қашанда екі қолға бір күрек табатыны анық. Осы орайда кез келген адамның өзі таңдаған мамандығының сыртында бойына біткен ерекше бір қасиеті, яғни өнері болатыны анық. Оны дамытып, сыртқа шығару да әркімнің өз қолында.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Тамаша Мухамеджарова Қостанай педагогикалық колледжінің шет тілдері пәнінің мұғалімі. Бұған дейін де мектепте ұстаздық еткен тәжірибелі маман.

Тамаша Залеловна екінші қызымен декреттік демалыста отырған уақытында өзін басқа қырынан көруді жөн көрген екен. Алғашында тек қызығушылықпен басталған ісі қазір қосымша табыс көзіне айналғанын да жасырмайды. Алғаш рет хендмейд бағыты бойынша білімін толықтыруды жөн көреді, бүгінгі күні қол өнері жақсы табыс әкелетін фриланс бағыты болып табылады.

Ал, қолдан жасалған эксклюзивті заттарды танымал етуде интернет маңызды рөл атқарады. Осы орайда Тамаша Залеловна әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасын және телеграм каналын ашып оны дамытуды қолға алады. Айтуынша алғашында инстаграм парақшасын дамыту үшін, 3 мың теңгеге бизнес пакет сатып алған көрінеді. Бұл әрине, хендмейд саласы бойынша фотобокс жасау жолдарын үйрену еді. Осы уақытта өзінің жеке телеграм каналында фотобокс жасауды үйрету арқылы қосымша қаржы таба бастаған екен. Қазір каналдың ашылғанына да үш жыл толыпты. Бұл жерде фотобокстарды жасау мен қатар бонбоньерки, тойбастар, шокобокс, метрика, мерекені көркемдеу сияқты жұмыстарын да қыз-келіншектерге үйретіп келеді. Ең алғаш қадамын осыдан бастаған екен. Бір сөзбен айтқанда заман ағымына ілесіп, жаңашылдықты үйренуден қалыс қалмай менеджер, таргетті де онлайн меңгерген көрінеді.

2021 жылдың күз айынан бастап жаңа бағыттың бірі 3D модельдеуді үйренген Тамаша Залеловна экологиялық таза материалдан 3D түнгі жарық шамдарын жасауды қолға алған екен. Бұл ай пішініндегі шамға тапсырыс берушінің қалауы бойынша кез келген түсте, фото немесе қалауындағы жазумен жасап бере алады.

– Бұл тек біздің қаламыз үшін ғана емес жалпы Қазақстанның барлық қалалары үшін соңғы жаңашылдық деп айта аламын. 3D түнгі жарық шамдарына әрбір қаладан тапсырыстар келіп жатады. Қазақстан бойынша барлық қалаларға жеткізіп беру қаралған. Бұл шамдар қашықтықтан басқару арқылы жұмыс істейді. Батарея немесе қуаттау көзі де де бар. Тапсырыс берушілер менің жұмысыма риза. Ал, хит копилкалар да сұраныста. Бұл копилкалар былтырғы жылдан бастап сатылымда. Дегенменен әлі күнге дейін сұранысқа ие. Бағасы да көлеміне байланысты қолжетімді, – дейді Тамаша Залеловна.

Тамаша Мухамеджарова 2021 жылы Қазақстанда жасалған номинациясымен «Блогер kst» байқауына қатысқан көрінеді. Алдағы уақытта қолөнершілер жәрмеңкелеріне қатысуды көздейді. Сонымен қатар өзінің сүйікті ісін бизнес саласына айналдыру мақсатында мемлекеттік гранттарға өтінім беруді де көздеп отыр.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ,
сурет кейіпкерден алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77