Біздің Қостанай Социум

Қостанайда “Марал Ишан” мешіті қайта жөңдеу жұмыстарынан кейін ашылды

Қалпына келтіру жұмыстары «Рухани жаңғыру» бағдарламасынын аясында жүргізілді

Міне, бірнеше жылдан кейін мешіт ашылды, бүгін бірінші жұма намазы оқылады.

– Қаламызда көптен күткен қуанышымыз, тарихи сонау 19 ғасырдан басталатын мешітіміздің ашылу салтанаты өтті. Жастарымызда тәлім тәрбие беретін, рухани азық алатын үлкен шаңырақ ордасы болсын деп тілейміз, – дейді Бектұрсын қажы Уалиев.

Оның ашылуна мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, қала әкімі Марат Жүндібаев және басқа да көптеген қала өкілдері қатысты.

– Жамағатымыздың жүрек жарды қуанышында жиналып тұрмыз, ол үшін біз Аллаға шексіз мақтаулар айтамыз. Кезінде бабаларымыз іргесін қалаған, қасиетті Алланың үйі қайта жаңғырып, жамағатқа есігін айқара ашты. Мешіттің қаланғанына бір ғасырдан ұзақ уақыт өтті. Осы уақыт аралығын жабылып қалған кезде болды, міне дұға, тілектердің арқасында қайта жаңғыруда, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

– Облыстық маңызы бар тарихи ескерткіш болып саналатын біздің мешітіміз апаттық жағдайба болғандығын барлығымыз білеміз. 2018 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өтініші бойынша жөңдеу жұмыстары басталып кетті. Осы жөңдеу жұмысына қатысқан адамдарға алғысым шексіз. Облыс бойынша 26 мешітіміз және 30 ғимаратымыз, намазханаларымыз жұмыс істейді. Оның барлығы рухани байлыққа, имандылыққа толы жер. Тағы да екі мешіттің жөңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, -дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Айта кету керек, келесі жылы мешіттін құрылғандығына 130 жыл болады. Қостанай өңірінде орналасқан байырғы нысан құлшылық үйі ғана емес, көз тартарлық көрікті орын. Өскелең ұрпақтың тәрбие және рухани ордасына айналып келе жатыр. 2017 жылы аймағымызда Қазақстанның киелі орындар тізіміне енгізілді.

Аяжан СЕРІК 

Фотоны түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77