10 қаңтар күні аяғы ауыр Әйгерім Әбілдина қан қысымы көтеріліп жедел жәрдем көлігімен қалалық перинаталдық орталығының қабылдау бөлімшесіне әкелінген екен
Ол жерге келген сәттегі тексеріс қан қысымы қалыпты екенін көрсетеді. Дегенмен кезекші дәрігердің стационарға жатқызу туралы шешімі мен бас дәрігердің кеңесіне де құлақ аспаған әйел үйге қайтамын деген сөзінен қайтпай өз атынан қолхат жазып берген. Бұл кешкі кешкі сағат ондар шамасында орын алған. Екі сағаттан соң қайта желдел жәрдем шақырту арқылы Әйгерім Әбілдина перинаталдық орталыққа ес-түссіз комамен түседі. Ол жайында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қуат Әлмағамбетов мәлімдеді.
– Біз 37 аптадағы аяғы ауыр әйелдің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Екінші қайта комамен, ауыр халде түскен бетте баланың өмірін сақап қалу үшін оған кесір тілігі жасалды. Баланы аман алып қалдық. Сәбидің бүгінгі күні жағдайы жақсы. Қолдан келген мүмкіндіктерді қолданып бас миына операция жасадық. Әйелді жедел жәрдеммен екінші рет алып келгенде бас миына қан кеткен деген диагноз қойылды, компьютерлік томография жасағанда диагноз дәлелденді. Бес күн комада жатып оянбай, қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасы да бас миына қан кеткенін көрсетті, – деді Қуат Әлмағамбетов.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының сөзіне сүйенсек Әйгерім Әбілдина бұған дейін қан қысымы бойынша есепте болмаған, денсаулығына шағымданбаған көрінеді. Небәрі отыз алты жастағы марқұмның артында жолдасы және он екі жастағы ұлы қалған.
Жан ШАЙМЕРДЕН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77