10-11 қаңтар аралығында Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел атындағы университет қабырғасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер арасында Республикалық роботтар фестивалі өтті.
Жарысты Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Ustem Robotics» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
«FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge» фестиваліне екі санаттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 44 командасы (шамамен 200 оқушы) қатысты. Балалар роботтар ойынында ғана емес, сонымен қатар биылғы маусымның тақырыбы – «Energize» бойынша өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.
Толығырақ білу үшін команда мүшелерінің бірімен сұхбаттасып көрдік.
– Фестиваль Қаскелең қаласында, СДУ университетінде өтті. Бұл жерде тек мамандандырылған мектептер қатысқандарды қоспағанда қателеспесем, 40 команда қатысты. Біз «инновациялық жоба» секциясында 2 орынға ие болдық, онда біз әлі гравитациялық энергия сақтағышты жасай алмадық. 4 секцияның бірінде орын алғанымызға қарамастан, республикалық іріктеу кезеңіне өте алмадық, өйткені онда секциялардың бірінде 1 орын алғандар ғана өтті. Біз бұл мәселе бойынша көңілімізді қалдырмаймыз, өйткені біз мұндай байқауға бірінші рет қатысып отырмыз, бұл өте жақсы нәтиже деп ойлаймын, біз үшін ең бастысы қатысу, тәжірибе жинау еді, – дейді топ мүшесі Нұрхан Оразбай.
– Осы демалыс күндері Астана қаласында тағы бір жарыс өткен екен, сол жайында айтып берсеңіз.
– Біз Астанада өткен Алматыда өткен байқауда қолданған тәжірибемізді іске асырдық. Роботтар ойыны секцияларында 15 тапсырманы орындау үшін роботты жинадық, инновациялық жоба секцияларында күн трекерін, ауа райымен жел генераторын және алыс жерлерге арналған гравитациялық энергия жинақтағышты жасадық, роботты және робот дизайны секцияларында тапсырманы өту стратегиясын көрсеттік. Сондай-ақ, инновациялық жобамен бірге негізгі құндылықтар бөлімі болды, онда командалық жұмыс, топ мүшелерінің ұйымшылдығы мен ынта-жігері бағаланды, – дейді «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Нұрхан Оразбай.
Қостанай облысының намысын «Innovation Project» номинациясында қорғап 2 орын алған «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары қорғады. Командада оқушылар Акдил Тұлпарбеков, Богдан Глоба, Нұрхан Оразбай болған, жеңімпаздарды дайындаған Асқар Әмірбаев.
Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар мен демеушілерден естелік кәдесыйлар беріліпті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер номинациялар бойынша дипломдармен және грамоталармен марапатталған екен.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77