Культура

Кітапханада «Астана – мәңгі жасар құтты мекен» атты кітап көрмесе тұсаукесері өтті

«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 25 жылдығын мерекелеу аясында «Астана – мәңгі жасар құтты мекен» атты кітап көрмесінің тұсаукесерін өткізді.

Көрмеде республикаға танымал фотожурналист Ш. Шахайдың «Жан жүрегім – Астана», «Астана – Қазақстанның жүрегі» атты еліміздің бас қаласының қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін кітаптары ұсынылды. З. Кабульдиновтың «Астана: прошлое и настоящее» атты тарихи монографиясы астананың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы туралы баяндалды, «Астана үшін мың тағзым!» атты суретті кітабы да елорданы ұлттың мақтанышы және еліміздің сұлулығы ретінде көрсетілді.

– Көрме жыл бойы тұрақты істейтін болады, оған қоса жыл бойы толықтырып отырамыз. Бұл кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады, онда Л. Н.Толсой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорынан 100-ден астам басылым ұсынылған. Бірінші бөлім өткен астана туралы, екіншісі Алматыдан Астанаға көшу, ал үшінші мен төртінші бөлімдерде экономикалық жағдайы мен қазіргі бас қаламыз Астана жайында, – дейді әмбебап оқу залының меңгерушісі Ботагоз Исмагуловна.

Кітапханада барлық көрмелер жылдың босында ашылып, көрмемен бір жыл ішінде шақырған әртүрлі мекемелерге барып, осылай шағын кездесулер өткізеді.

Кітапханашылардың айтуынша, қазір цифрлық ғасыр болғандықтан, көптеген адамдар кітап оқымайды. Бірақ олардың жұмысы әдебиетті насихаттау, сондықтан көрме ертерек ашылып, түрлі кездесілер мен жиындар өткізіледі.

Айта кету керек, кітап көрмесі көпшілік оқырманға арналған және мерейтойлық жыл бойы жұмыс істейді.

Аяжан СЕРІК 

Фотоны түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77