Біздің Қостанай Спорт

Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында жылдам шахматтан қалалық турнир өтті

Жарыс Қостанай қаласында шахматты насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, қаламыздағы әйелдер шахматын дамыту, спорттық шеберлікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды

Жарысқа Қостанай қаласының әйелдері мен қыздары қатысты.

Турнирде барлығы 18 қатысушы өз шеберлігін көрсетті.

– Біздің қалалық клуб спорт комитетімен және шахмат клубымен бірлесіп осы турнирді ұйымдастырып отыр. Бұл турнирлер облысымыздың барлық өңірлері мен аудандарында өткізілетін болады. Шахмат-бұл әдемі спорт түрі, мүмкін, ақылды адамдар үшін де шығар. Бүгін осындай көрікті жас қыздардың келгеніне қуаныштымын. Барлығына сәттілік тілеймін, – дейді Гүлвира Құдайқұлова, Қостанай қаласының әйелдер көшбасшылары клубының төрағасы және қалалық маслихат депутаттығына кандидат.

Жарыс жеңімпаздары барлық партияды жинаған ұпай саны бойынша анықталды. Ал егер де, екі не, одан да көп ойыншының ұпайы бірдей болған жағдайда, олардың уақытына, жүрген қадамдарына назар аударылды.

Ойын қорытындысы бойынша:

1 орынды Бейсімбаева Милана, 2 орынды Даушева Айя, 3 орынды Бигалиева Дарина және 4 орынды Махмут Саяна иеленді, ол жеңіске деген ерік-жігері үшін номинацияда атап өтілді.

Ең жас қатысушы номинациясы алты жасар Әмірғазы Айсенге бұйырды. Оған қоса үздік мәре номинациясы Гаус Дианаға бұйырды.

Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушылары Қостанай облысы бойынша әйелдер Күштері Альянсының грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Аяжан СЕРІК, суретті түсірген автор

Материал орталық сайлау комиссиясының қаражатынан төленді

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77