Қостанайға «Бейжің-Париж» ретро ралли экипаждары табан тіреді
Қостанай тұрғындары әлемнің 30 елінен жиналған сирек кездесетін 120 автокөліктерді көріп таңқалыстарын жасырмады.
Облыс әкімдігінің алдындағы алаң күні бойы ретро автокөліктердің үлкен паркіне айналды.
Осындай автожарыстар әр үш жылда ұйымдастырылады. Жарыс жолы14,994 шақырым қашықтықты құрайды. Жарысқа қатысу үшін автокөлік 1976 жылға дейін шығарылған болуы шарт. Сондай-ақ, оның ішінде Bentley, Lancia, Packard, Horch сынды маркалы көліктер ғана алынады.
Қостанайға Германия, Австрия, Швеция, Швейцария, Англия, Бельгия, АҚШ, Австралия, Ресейден құрылымға біріккен адамдар тобы келді.
– Мен үшін бұл хобби. Мен 5 жылдан бері істеп келемін. Менің басқа машиналарым жоқ. Менің машинам – Buick Coupe 4000. Мұндай автокөлікке қол жеткізу оңай емес, барлық бөлшектер мен корпус түпнұсқа. Сатып алудан кейін тағы 3 жыл оны тиісті түрде әкелді.Сондай-ақ, Қазақстанда өте әдемі табиғат бар екенін, адамдар ашық және достық екенін атап өткім келеді, – дейді австралиялық Дэвид Мейн.
Қатысушылар арасынан жанұялыларда кездесті. Олар өз өмірлеріне өзгеріс еңгізіп, осылай саяхаттауды жөн санапты.
Сондай жандардың бірі американдық Данглалар отбасы болды. Калифорниядан келген Сьюзен Данглар, жолдасы Дэвид екеуі бірге қатынасып отырғанын айтты. Сондай-ақ, олар үшін бұл жұмыстары болса, екінші жағынан хобби. Екеуі бір компаниядан жұмыс жасайды. Осындай жарыстарды ұйымдастыруға да ат салысатын көрінеді. Бұл жарыс олар үшін сегізіншісі. Жолда сапарлап келе жатқандарына 18 күн, осы уақыт аралығында жылы ескі көлік иелерін ренжітпей, бұзылмастан жүріп келеді.
Жарыс 2 маусым күні Пекинде бастау алған. 35 күннің ішінде автожарысқа қатысушылар Францияға жетуді жоспарлап отыр, мәре сызығын Парижде кесіп өтпек. Барлық қатысушылар орыс тілінде сөйлемейді, олар британдық, ағылшын, американдық ағылшын тілдерінде сөйлейді. Қостанайлықтар үшін бұл білім тексеруге жақсы мүмкіндік болды. Әрине, жастар жағы қалта телефонын ашып жіберіп «аударманың» көмегіне жүгінсе, енді бірі іс-қимыл арқылы бір-бірлерімен тіл табысып жатты. Ең жиі қойылған сұрақтар «Сіз қайдан келдіңіз?», «Сіздің көлігіңіз қай жылғы?», «Қазақстан жолдары туралы не айтасыз», дене сияқты. Шабандоздардың көпшілігі табиғи қара жолмен жүрсе де, біздің жолды жақсы балады.
Жүргізушілердің айтуы бойынша, ралли-мажор қорына берген қатысу жарнасы шамамен 5 миллион рубль болған. «Бейжің-Париж 2019» маршруты Лондондағы Endurance Rally Association (ERA) ұйымымен ұйымдастырылған.
Жарыстың идеясы 1907 жылдың 31 қаңтарында француздық LeMatin газетінде жарияланған. 1907 жылы 31 қаңтарда «Адамның көлігі болғанда, ол бәрін істей алады және кез келген жерге баруға болатындығын дәлелдеу керек. Бұл жаз Пекиннен – Парижге автокөлікпен жүруді шешеді ме?» деген сөйлем басылып шыққан. Сол кезден бастап, өздерін және өзгелерді дәлелдеуге ниет білдіргендер Қытайда жиналып, ұзақ сапарға аттанады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Владимир ФАЙЛЬ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77