Біздің Қостанай Культура

Ә. Бөкейхан атындағы мектебі жанындағы шағын орталығы Көрісу күнін мерекеледі

14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе – реніш ұмытылып, кешіріледі.

Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.

Сол  Көрісу күніне орай Әлихан Бөкейхан атындағы мектебі жанындағы шағын орталықта тәрбиешілер ұйымдастырған іс-шара өтті.

Тәрбиешілер өз қолдарымен бауырсақ пісіріп, Наурыз көже жасап, таңертеңнен ата-аналарды қарсы алып, ата-аналармен көрісіп, шашу шашылды. Ата-аналарға алғыстар айтылып, ата-аналар тарапынан ұжымға шын жүректен алғыстар, тілектер айтылып, үлкендер бата берді.

Үш топ ауыл ауылға бөлінді: Абай ауылы, Ахмет ауылы, Әлихан Бөкейхан ауылы.

Абай ауылы «Көзімнің қарасы » әнімен бастады. Көкпар биі биленіп, Көктем інң шырқалып, Ұлттық ойын «Тақия тастамақ» ойналды. Абай Құнанбаев атамыздың тақпақтары жатқа айтылды. Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер – демекші  3- жасар бала Ибраһим Әсетұлы бата берді.

Әлихан ауылына кезекті берілді.  Әлиханның өмір баянынан үзінді көрсетіліп, қыздар текемет, домбыра билерін мың бұралып көрсетті. Ұлдарымыз батырлар биін билей отырып, ұлттық ойын Арқан тартысты.

Кезек Ахмет ауылына беріліп, шағын орталықтағы ең үлкен топ 5 жасар балалар, Ахмет атамыздың нақыл сөздерін, тақпақтарын жатқа оқыды. Ұлдарымыз қырандар биін билеп, қыздарымыз тостаған биін биледі.

Соңында үш ауылдың өнерпаздары қосылып Қара жорға биімен аяқтады.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77