Біздің Қостанай Культура

Қаламызда Ұлыстың ұлы күні–Наурыз тойланып жатыр

Жастар сарайында Наурызға орайластырылған іс-шара өтті. Жастар ресурстық орталығы бұл іс-шараны колония сотталушылары және пробации қызметінде есепте тұрған жастармен өткізді.

– Бүгін біз пробация қызметінің есебінде тұрған және елді мекендегі колониядан шыққан тұлғалармен Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Біз 14 пен 35 жас аралығындағы жастармен жұмыс жасаймыз. Барлық іс-шаралар студенттермен, оқушылармен бірге жүргізіледі. Бүгін біз бұл мерекені пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспіріммен өткізуді жөн көрдік, – дейді жастар ресурстық орталығының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Айдана Назарбаева.

Ата- бабамыздың бізге тастап кеткен ұлттық құндылықтарды сақтап қалу келер ұрпақтың, қазіргі жастардың міндет парызы деп білеміз.

– Іс-шара Қазақстанның кез келген азаматының салт-дәстүрлерін біліп өсуіне арналған. Іс-шараның мақсаты-балалардың бір жерге қатысудан, адамдарға шығудан, өздерін көрсетуден қорықпауға арналған, – дейді аға-инспектор Лунара Мусрепова.

Бұл іс-шарада жасөспірімдерге қазақтың сырға салу, тұсаукесу сияқты салт дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық ойынымыз асық ату да болды. Оған қоса ұлтық тағамдардың, яғни наурыз көже, баурсақтың жасалу жолы көрсетіліп, дәм татқыздырды.

Аяжан СЕРІК, фотоны түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77