Қостанай қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектебі ғимаратында орналасқан №45 сайлау учаскесінде сайлаушылар таңнан келіп, дауыс беріп жатыр
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жанар Кушанованың айтуынша, мұнда барлығы 2444 сайлаушы тіркелген. Таңертеңгі уақытта 170 адам келіп дауыс беріп үлгірген екен.
«Сайлаушылардың белсенділігі жақсы. Мектептің өнерлі жастары келушілерге әннен шашу шашып мерекелік көңіл күй сыйлауда. Дауыс беру барысын бақылаушылар қадағалауда. Тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Келушілерді ұлттық нақыштағы киім киіп қарсы алып жатырмыз», – деді Жанар Кушанова.
«Дауыс беруге отбасымызбен келдік. Биылғы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутат сайлауының маңыздылығы жоғары екенін түсінеміз. Сондықтан алғашқылардың қатарында өз таңдауымызды жасадық, – дейді қала тұрғыны Ғаини Ахметова.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында 748 сайлау учаскесі Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында жұмыс істеп тұр.
Учаскелерде көру қабілеті нашар адамдарға арналған аудиороликтер, көру қабілеті нашар адамдарға арналған трафареттер дайындалғанын да айта кеткен жөн болар.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ, суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77