Новости Социум

Қаланың тазалық жұмыстары жалғаса бермек

Көктем шығып, қаланың көркін кіргізу үшін атқарылатын талазық жұмыстары уақыт оздырмай Сәуір айынан бастап қыза түсті. Әктеп, әрлеу және абаттандыру жұмыстары осының ішінде

Бүгінде қала әкімі Қайрат Ахметовтың тапсырысымен көп жылдардан бері дер кезінде кесілмей 5 қабатты үйлерден де жоғары болып, көктем-жаз айларында аппақ түгін шашатын терек ағашын кесу жұмыстары биыл ерте қолға алынды.

Бұл жұмыстар 25 ақпаннан 6 сәуірге дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде қала мен Зотобол кентінің аралығындағы  астынғы бөлігі ғана көктеп, үсті қурап кеткен теректердің басын кесіп, кесілген жерлерін сырлау жұмыстары жүргізілді.

Осыған дейін облыс орталығының халқы жаздың маусым, шілде айдарында теректен ұшқан ақ түтіктен аллергия болып қиналатыны жасырын емес. Сондықтан қостанайлықтарды осы келеңсіз жағдайдан құқтару мақсатында теректерді қырқу жұмысы қарқынды жүргізілді.

Қостанай қалалық әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Мирас Омаровтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда қаламызда барлығы 10749 ағаштың жоғары бөлігі кесіліп, діңдері әктеліп, кесілген жері сырланған.

Осы маңызды жұмыстарды қаламыздағы «Таза жол АТ», «Конгломерат kz», «АБЗ плюс», «Капитал групп Союз» және басқа да жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскердері атқарды.

Тазалықты үнемі сақтап тұру да оңай жұмыс емес. Сондықтан мұндай тазалық жұмыстарына ерекше мән беріледі.

Алда тазалық айлықтары басталады. Оған тек тиесілі мекемелердің жұмыскерлері ғана тартылып қоймай, барлық мекемелердің қызметкерлері атсалысады. Бұл бірінші кезекте өзіміз ғұмыр кешіп жатқан қоршаған ортамызды таза ұстауға аса зор ықтиярлықпен беруіміз керектігін білдіреді.

Қалалық кеңестің мүшесі Юрий Харьяковтың пайымынша теректердің жоғарғы бөлігін кесу жайында сөз болғанда қоғамдық кеңестің мүшелерінің көпшілігі қарсылығын білдірген екен. Бірақ кейін оларға ағашты дер кезінде кесу арқылы оның жаңадан шығатын бұталары мен жапырақтары жаңарып, қала тұрғындарына таза ауа сыйлайтындығы түсіндірілгенде өздерінің келісімін берген.

Сондай-ақ оның айтуынша, көп жылдар бойы көкке таласа өскен теректер біріншіден аппақ түк шығарып, жаз мезгілінде аллергия ауруын қоздырса, еңгезердей болып қурап кеткен ағаштар жел тұрғанда үйлердің терезелерін сындырады және үлкен болып өскен ағаштар, телефон, жарық сымдарына кедергі жасайтын көрінеді.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77