Ағаштан түскен жапырақтар, қураған ағаш бұтақтары, одан да бөлек күнделікті шашылатын қоқыстар тағысын тағы осылардың барлығы қаланың көрігін қашырып тұрады
Қоршаған ортаны күнделікті тазартып отырмаса, қоқыс қоршап алатыны белгілі. Ал, шаһардың абаттандыру жұмыстарының негізгі көшелері және орталық бөлігімен «Таза-Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады.
Негізгі істелетін жұмыстарға күзгі мезгілдік көшеттер отырғызу, өте биіктеп кеткен және қураған ағаштарды кесу жұмысы, күнделікті көше тазалығы, жол жиектемелерін және көше бойындағы қоршауларды жуып әктеу, жолақтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу, қоқыс жинап шығару істері. Алайда, серіктестік басшысының айтуы бойынша ағаш кесу жұмысы тек ағаш сөлін беру уақыты біткеннен соң ған жүргізілмек екен.
– Қаламыздағы Абай көшесі бойынша ағаш отырғызу жұмыстары біртіндеп жасалып жатыр. Көктем мезгілінде төрт мыңнан астам көшет отырғызған болатынбыз. Ал, осы күзде сегіз мыңға жуық желек отырғызуды жоспарлап отырмыз. Ағаштар әр түрінен отырғызылатын болады, олар қайың, қара ағаш, емен, алма ағашы осы сынды ағаш түптері егіледі, – деді серіктестік басшысы Тойжан Дүйсембекқызы.
Осы жұмыстардың атқарылуына 40-тан аса техника жұмылдырылған, оның ішінде құны 37 млн теңге болатын Ресейден әкелінген қоқыс сорғыш техникасы бар. Қызметкерлерден 300-ден аса адам бірлігі жұмылдырылған.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77