Оны «Қостанай қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің тапсырысымен, «Жанашыр бол» Қоғамдық қоры ұйымдастыруда
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» бойынша жүйелі жұмыстар, іргелі істер арқарылуда.
Оның айқын айғағы Қостанай өңірінде көрініс табуда. Аталмыш игі бастамаға облыстың үкіметтік емес ұйымдары да ат салысып жатыр.
Аталмыш бастаманы қолдау мақсатында «Қостанай қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің тапсырысымен, «Жанашыр бол» Қоғамдық қоры «Қазақ әліпбиінің жаңа емле ережелерін оқыту бойынша жаттықтыру» атты Қостанай қалалық семинар-тренингін ұйымдастырған болатын. Осынау бастамаға қалалық және кәсіпорындардың аудармашылары, оқыту курстарының ұстаздары, мектепке дейінгі білім ордаларының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысуда.
Сондай-ақ, тренингті Қостанай қаласының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Гүлнар Маратқызы және Нұр-Сұлтан қаласын арнайы шақырылған Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұржан Бижомартұлы жүргізеді.
Онда қатысушыларға жаңа әліпи мен емле ережелері бойынша дәрістер оқылып, практикалық сабақтар өтпек. Семинар-тренингке қатысқандарға арнайы сертификаттар табысталады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77