Біздің Қостанай

Қостанайда құрылыс қарқынды

Алдағы уақытта бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылады


Шаһарымыздағы сәулет және қала құрылысы қызметі жүргізіп жатқан жұмыстар ауқымды. Бұл жайлы аталмыш бөлім басшысы Андрей Финк баяндап берді.

Қазіргі таңда қаламыздың бас жоспарын іске асыру мақсатында қала құрылысы жобалары әзірленгенін бөлім басшысы атап өтті.

«Береке» шағын ауданында 100 гектар аумақта құрылыс жүріп жатыр. Тұрғын үй қоры – 362 500 шаршы метрге 47 үй салынады, 4700 пәтер болады.

Қазіргі уақытта «Болашақ» ЖШС 2574 шаршы метр екі таунхаустың құрылысы мен 72 пәтерлік тұрғын үй алаңының жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, әлеуметтік-қоғамдық маңызға ие бірқатар нысандар, айтар болсақ пошта кеңсесі, заңды және нотариалдық кеңселер, тәртіпті сақтау пункті, коммерциялық кеңселер, спорт кешені, емхана, клубтар, сауықтыру кешені, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары жобаланған.

– Екі мектеп пен төрт балабақша радиус бойынша қадамдық қол жетімділік аймағында орналасқан. Сонымен қатар жобада автотұрақтар, паркингтер, қазандық, ГРП, өрт депосы қарастырылған. Шағын ауданның құрылысын 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланды, – деді А.Финк.

Баса айта кететін бір мәселе, бүгінгі таңдағы «Жарнама туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты елді-мекендердегі үй аумағынан тыс ашық аймақта, пайдаланымдағы автомобиль жолдарының белдеуінде, мекендерден аулақ жерлерде және Қостанай облысының аумағындағы жалпыға ортақ автомобиль жолдарының белгілінген белдеулерінде сыртқы жарнама құралдарын орналастыру ережесінің жобасы дайындалған. Ол жоба облыс әкімдігіне алдын ала келісуге жіберілді. Ұлттық экономика министрінің бұл мәселе бойынша бұйрығы күшіне енгеннен сон, әділет департаменті тіркеуге алады.

Маршруттық автобустардың ішінде жарнамаларды орналастыру істері, өрт қауіпсіздігі талаптарын жүргіншілерге егжей-тегжейлі түсіндіруге арналған насихат шаралары аясында іске асып отыр.

Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері «Қостанайавтотранс» ЖШС маршруттық автобустарында «Газ және оны пайдалану ережелері», «Өрт болған кездегі іс-әрекеттер» және «Орманды өрттен сақтаңыздар!» мәтініндегі үнпарақтар орнастырылды. Қоғамдық көлікте көптеген адамдар жүретін болғандықтан, салонында орналасқан жаднамалар халықты өрт қауіпсіздік ережелеріне ақпараттандырудың ең тиімді тәсіл болып саналады.

Сералы МЫРАЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77