Қаламыздың бірқатар көшелерінің жылу желілері ауыстырылады
Қаламызда жылу және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы қарқын алып келеді. Қостанай қаласының тұтынушыларының жартысына жуығына қызмет жасайтын негізгі қалалық жылу көзі – ЖЭО-да үлкен жұмыстар атқарылуда.
Соңғы жылдары қазандықтарды жөндеу мүмкін болса, биылғы жылы ауқымды жұмыстар кезекте тұр. Атап айтар болсақ төрт бу қазандығының үшеуін жөндеуді жоспарлап отыр. Әр қазандықты жөндеу құны 8 –10 млн теңге көлемінде болады.
Сонымен қатар қала көшелері бойында орналасқан жылу желілері де ауыстырылатын болады.
2019 жылы «Ду-500 мм жылыту магистралінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру барысы да қолға алынбақ. Қаламыздағы Лермонтов көшесі бойындағы жылу желілері ТМ-4 және ТМ-20 арасындағы аралығы кәсіпорынның өз қаражаты есебінен ауыстырылмақ. Бородин көшесінде ұзындығы 0,317 шақырымды құрайтын желілерді жөндеу құны 40,636 млн теңгеге есептелініп отыр. Баймағамбетов көшесінің жылу желісін жөндеу ұзындығы 1,007 шақырымды қамтиды. Орджоникидзе–Қобыланды батыр көшесі PUF-PE оқшаулағыштарындағы магистральдық жұмыстар келісім-шарт бойынша жүзеге асатын болады. Жөндеу құны 650 млн теңгеге есептелген.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77