Мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында бүгін “Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті
Аталмыш диктантқа Қостанай халқы да белсенді түрде атсалысты. Мақсат еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру да маңызды. Шараны Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырды.
Диктантқа қатысушылардыдың жас ерекшеліктері мен тілдік ерекшеліктеріне шектеу қойылған жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер, ұстаздар қауымы мен бақа да еңбек адамдары өз еріктерімен диктантқа атсалысты.
Қостанай қаласында бүгінгі таңғы сағат 11:00-де басталған диктант жазу орынының бірі А.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылды.
– Бүгін бұл жерде диктант жазу үшін тіліек білдірген сексен адам ат салысып отыр. Оның ішінде өзге ұлт өкілдері де бар. Олар “Еркін ел ұрпағы” тақырыбында мемелекеттік тілдегі 141 сөзден тұратын диктантты жазып шықты. Бұл диктант бүгін рспублика бойынша өткізіліп отыр. Диктант бағаланбайды, тек қатысушылардың саны мен жазу сауаттылығының жалпы пайызы шығарылады. Мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған жалпыұлттық диктантың мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, сауатты жазуды қалыптастыру, ұлттық құндылығымызды дәріптеу, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қарлығаш Мадиярова.
Жан ШАЙМЕРДЕН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77