Біздің Қостанай

Шараның мақсаты жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Рухани жаңғыру алдымен ұлттық салт- дәстүрді, тарихымызды, ұлттық ойындарымызды білуден басталады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Міне, еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық ойындардан түрлі чемпионаттар өтіп жатады. Тараз қаласында ағымдағы жылдың мамыр айында 2007-2009 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында асық ату мен бес асықтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қостанай қаласынан қыздар құрама командасы Ақбатеева Дарина, Қазиева Салтанат, Абдуллаева Динара, Үсенханова Айкен құрамында бірінші жалпы командалық орынды иеленді. Шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында ұлттық спортты насихаттау, азаматтарды отансүйгіштікке және патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

– Спортшылар 2022-2023 жылдары үлкен жетістіктерге жетіп, жақсы нәтиже көрсетуде. Біздің спортшылар ересектер арасында Азия чемпионы болып жатыр. Жасөспірімдер арасында да біз жүлделі орындарда көрінеміз. Таразға дейін, Шымкентте өткен жарыста орындар алды. Ол да өте жақсы жетістіктер деп айтуға болады, -дейді Қостанай облысының асық ату федерациясының төрағасы Қаршал Какашев.

Қазіргі кезде асық ату ойынына қызығушылық артуда, облысымыздың қалаларында бұл спорт түрімен айналысатын жасөспірімдер өте көп. Ұлттық ойынға осындай қызығушылық танытып жатқандығы қуантарлық жайт. Алдағы уақытта қаламыздың спортшылары асық атудан ересектер арасында Көкшетау қаласында өтетін чемпионатқа дайындалып жатыр.

Аяжан СЕРІК,
фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77