«Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінің тағы бір қатысушылары Мағжан Дилдебаев пен Жанар Ауезханова. Олар бірге он екі жыл бақытты да, ғұмырлы өмір кешуде. Отбасында екі қыз және екі ұл тәрбиелейді.
Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі – тәрбиенің ең басты шарты дегендей бұл отбасы елордадан, үлкен қаланың қарбалысынан шығып, балаларға көңіл бөлу мақсатында Қостанайға көшіп келді. Негізінен Арқалық қаласының тумасы, туыстары сол жерде. Қостанай қаласында тұрып жатқандарына 3 жыл болды.
Мағжан Дилдебаев жеке кәсіпкер, ал Жанар Ауезханова бала күтімі бойынша декреттік демалыста. Оған қоса үйде отырып бухгалтерлік қызметті бірге алып жүр. Былтырғы жылы көп балалы аналарға арналған мемлекеттік 400 АЕК грантың ұтқан болатын . Осы ұтып алған қаражатқа шағын клининг кәсібін ашқан, қазіргі таңда осы іспен де айналысып жатыр.
Бос уақытта барлығы отбасылық демалысқа шығып, атқа міну, фильм көру, әртүрлі үстел ойындарымен күндерін толықтырады. Отбасында негізделген алғашқы принцип бұл – түсінік, содан кейін махаббат. Ең бастысы-отбасы!
Балаларына келетін болсақ, ұлдары 3 және 4 сыныпты тамамдады, ал 2 қызы балабақшаға барады. Балалар кішкентай кезінен түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Абай өлеңдері», Мұқағали оқуларынан да бірінші орын алып, тілдері шыққаннан бастап қазақ поэзиясын жаттап өсті.
Отбасының үлкен ұлы Асылзат домбыраға, кикбоксингке, күреске де қатысады. Оған қоса шахмат үйірмесіне баруға да уақыт табады екен. Нәтижелері жаман емес, жүлдерлі орындарыда бар. Тек үйірмеге ғана қатысып қоймай, мектептегі іс-шараларға да белсенді қатысып тұрады. Балалары қаламыздағы №15 орта мектебінде білім алып жатыр. Оқу жылында көзге түсіп, мектеп қабырғасында қатысқан іс-шаралары аз емес. «Халықаралық өнер фестивалінде» 1 орын, «Ана тілім- ардағым» 2 орын, «Актерлік шеберлік» бойынша сертефикаттар, Қазақ радиосында қойылым «Абай 175 жылдық мерейтойы» бойыншада марапаттауларға ие болған.
– Екінші ұлым Нұржан, үлкен ұлым мен кіші ұлымның арасы екі жас. Дегенмен де, кіші ұлым салмақтылау. Ол да кикбоксингке қатысып, жүзуменде айналасады. Ұлдарым сабақпен қатар барлығын алып жүрігуге тырысады, – дейді анасы.
Нұржан «Әлем таныған Абай» байқауында 2 дәрежелі диплом, «Бал бала» фестивалінде мәнерлеп оқу бойынша қола медаль алып, QZQбокс академиясы турнирінің алтын медаль иегері атанған. Әртүрлі концерттерде домбырасын қолынан тастамай өнер көрсетеді.
Үшінші баласы, үлкен қызы Әмина балетпен айналасып, қолөнер, сурет салу бойынша үйірмелерге барады. 1 жылдан аса уақыт қатысып келеді. Балабақшадан кейін аптасына 3 мезгіл барып тұрады. Биыл 1 сыныпқа барады. Үйдің кенжесі Айша балабақшада.
– Енді балабақшада болатын таңертеңгілікке әкесі екеуміз кезекпен баруға тырысамыз. Өнер көрсетіп, тақпақ айтқандарын видеоға түсіріп, естелікке сақтап қоямыз. Мектеп арасында өтетін іс-шараларға да қатысып жүрміз, өйткені барлығы баланың есінде қалады, – дейді анасы Жанар Ауезханова.
Осы орайда бұл отбасында бала тәрбиесі бірінші орында тұрғандығын көруге болады. Балаға көңіл бөлу, оны тәрбиелеу ата-анасының басты мақсаты екендігінде білуге болады.
Аяжан СЕРІК,
фото отбасылық
архивтен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77