Новости Политика

Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің басшысы Әлихан Бәйменов Қостанайға жұмыс сапарымен келді

Ол, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалында облыстық атқарушы орган басшыларына ашық дәріс өткізді

Қостанайға арнайы ат басын бұғандағы мақсат – мемлекеттік қызмет саласын дамыту, жетілдіру, тәжірибе алмасу.

– Қостанайдағы іссапар барысында «Көмек алаңы» орталығының жұмысымен таныстым. Бұл жерден мемлекеттік органдар бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. Бұл да мемлекеттік қызмет саласындағы айтулы жетістіктердің бірі. Жемқорлықты жою үшін осындай принципті басшылыққа алу керек, – деді Әлихан Байменов.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет жүйесінің өзекті бағыттары сөз болды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімті тетіктері талқыланды.

– Жалпы, мемлекеттік қызметтің тиімділігін жетілдіру, халыққа көрсететін қызметтің сапасын арттыру әлемдегі барлық Үкіметтердің күн тәртібінде тұрған мәселе. Әрине, әр үкімет өзінің өткен жолына, тарихына әлеуметтік мәдени дамуына байланысты түрлі мәселелерге басымдылық береді. Бірақ, қайсы болмасын сапалы шешім қабылдарда әлемдегі соңғы уақыттағы басымдылық берілетін үдерістерді сол аймаққа тән ортақ өзекті мәселелерді және өз елінің еркшеліктерін ескеріп барып шешеді, – деді Әлихан Байменов.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы Әлихан Мұхамедияұлының бастамасымен елімізде мемлекеттік қызмет саласын реформалаудың 2-ші кезеңі басталған болатын. Осының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер саны қысқартылып, «А» корпусы құрылды. Осы ретте басқарма бөлімдерінің мамандарының кәсібилігін артыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бірден бір көмек.
Әлихан Мұхамедияұлы төрағалық ететін өңірлік хаб әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істейді.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77