Культура

Балалар кітапханасында мерекелік флешмоб өтті

Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді

Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Домбыра күнінің белгіленуі жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі болмақ.

Атаулы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында тың бастамалар бой көтеріп, көптен бері қолдау таппай жүрген игі дүниелер қайта жаңғыруы ғажап емес. Осы мерекеге орай Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында флешмоб өткізілді. Бұл іс-шараға «Жұлдыз» студиясының тәрбиеленушілері қатысты.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77