Жыл сайын шілде айынан бастап, жаздың соңына дейін көптеген үй шаруасындағы әйелдер қысқа дайындықты жүргізеді
Дәл осы уақытта базарларда жергілікті қияр пайда болады. Тамыз айы келіп, Қостанайдағы саяжайларда қияр мен қызанақ пісіп жатыр.
Қаламыздың түрлі орындарында отырған келіншектер мен әжелерді байқаймыз. Бірінде шынымен өзіміздің көкеністер болса, бірі оңтүстіктен келгенді өтірік өзіміздікі сияқты сатып жатады. Бұл жайтқа қала тұрғыны куә болған.
-Бірнеше апта бұрын көкеніс алуға бардым. Тағы бір нәрсені сатып алайын деп жақындаған сәтте, жаңағы сатушы қораптан алып тағы салып жатты. Сатып алушыларды алдап жатқандар көп, – дейді қала тұрғыны.
«Радуга» аялдамасы маңайында сатып жатқан әжелердің біріне жақындадық. 1 кг қиярдың бағасы – 600 теңге, ал қызанақ 1500 теңге екендігін айтты. Тіпті қиярды екіге бөліп, оның иісі мен ішіндегі түрін көрсетті.
– Қиярдың иісінен ажыратуға болады. Өзіміздің қиярлардың иісі басқаша, ал оңтүстіктен келгендерден шөптің иісі шығып тұрады. Ал қызанақ кішкене жарылғандығы көрініп, үсті сарылау. Ал басқа жақан келгендердікі қатты, әрі үсті жасылдау болады, – дейді сатушы әже.
Айта кету керек, алдынғы айда да бағаларға байланыста рейд жүргізілді. Ол кезде Мичуринда жиналған жаңа піскен қызанақтың құны 1 кг үшін 500 теңге, ал Б. Майлин ауданында кг үшін 850 теңге. Бір килограмм қияр үшін 250 теңге сұралады. Ендігі баға бұл Қостанай қаласының саяжайларының көкеністері.
Егер өзіміздің көкөністерді алғыңыз келсе, онда тыянақты, дұрыстап қарап алған жөн. Өйткені базарда орналасқан кейбір сатушылар олардың басқа жақтан алып келгендігін жасырмай, байқап қойған сәтте барлығы солай істейді деп, өзіміздің жақтың көкеністері деп сатып жатады.
– Алдыңғы жылы бағалар әлде қайда арзан болды. Қысқа қияр жауып қояйын десем, қымбатқа шығып тұр. Бағасы екі есе қосылды деп айта аламын, – дейді қала тұрғыны Арайлым Бағдаулет.
Өзіміздің саяжайдағы қияр мен қыназақтың маусымы басталған сәтте қымбат болуы мүмкін Ал арзанырақ қияр қала базарларында тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында, оларды аймақтың шаруа қожалықтарының егістіктерінде жаппай жинау басталған кезде пайда болуы керек.
Аяжан СЕРІК,
фотоны түсірген
Абиль ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77