Біздің Қостанай Социум

Қаламызда электросамокаттарды жалға беру пайда болды

Қаламызда жақында шерингтік электросамокаттар келді. Мұндай қызметті Қазақстанның 13 қаласында жұмыс істейтін JET компаниясы ұсынды

Jet қосымшасы App Store-да және Google Play-де қол жетімді, онсыз сапар мүмкін емес. Қостанайда Ninebot Max G 30 скутерлерінің жиналмалы модельдері ұсынылған. Жалға алу құны – бір старт үшін 100 теңге, әрі қарай сапардың әрбір минуты 35 теңгеге бағаланады.

Іске қосу қарапайым-рульдегі QR кодын сканерлеп, нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз. Егер сапар ұзақ болса, онда бір сағатқа жалға алу мүмкіндігі бар. Ол 1990 теңгені құрайды. Тіпті, брондау қызметі де қарастырылған.

Электрлік скутерлерде аймақтық шектеулер бар. Аймақ қолданба картасында ақ түспен белгіленген. Шамамен бағдарлар-ПИК-ке саяхат жастар бульварымен, ҚЖБИ-автовокзалмен шектеледі. Ақ аймақты кесіп өту айыппұлға қауіп төндіреді. Jet қосымшасын жүктеу кезінде ұялы телефонды көрсетіп, картаны байланыстыру қажет. Осылайша, ерік-жігерді қолданушы скутердің қауіпсіздігіне жауап береді. Қолданба картасында жақын маңдағы скутерлерді, сонымен қатар олардың заряд деңгейін және тұрақ орындарын көруге болады.

Алайда, қазіргі таңда мұны көбінесе қолданып жатқан жасөспірімдер екендігін айта кеткеніміз жөн. Бірақ бұл көпке созылмайды. Өйткені «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға ҚР Президенті ағымдағы жылдың 29 маусымында қол қойған болатын. Енді қалалық жолдарда скутерлермен жүру үшін кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек. 18 жасқа толмаған адамдар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен, тек веложолдармен жүре алмайды. Сонымен қатар, тротуарларда жүру кезінде электросамокат жүргізушілеріне жылдамдықты 6 км/сағ-тан асуға тыйым салынады. Жаңа заң 30 тамызда күшіне енеді.
Электросамокат әуесқойларына автомобиль жүргізушілері сияқты әкімшілік жаза қолданылады. Мысалы, мас күйінде көлік жүргізгені үшін азамат жүргізуші куәлігінен айырылады, дәл сол тәрізді самокаттармен де адамдарды жауапкершілік күтіп тұр. Алайда, қазіргі уақытта полицияның мәліметінше, ағымдағы жылы Қостанайда электр скутерлерінің қатысуымен ЖКО тіркелген жоқ.

– Қаламыз мұндайға әлі дайын емес. Еліміздің Алматы және Астана сияқты үлкен қалаларында бұл бірнеше жыл бұрын пайда болды, олардың жағдайы мәз емес. Ол қалаларда электросамокаттын пайдасынан гөрі, зияны көп болды. Біз 30 – шы тамыз заң күшіне енгеннен кейін ғана бұл жайтты қарастыратын боламыз. Бірақ түрлі апаттарды алып келу ықпалы көп, – екендігін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Алексей Милюк атап өтті.

Екі доңғалақты көлік мегаполистерге қоғамдық қосымша болды. Тек Алматының өзінде күніне 130 мыңға жуық тұрғындар электросамокатты қолданады.10 – нан екі немесе одан да көбі жол апатына ұшырап, самокатты басқара алмай қалады. Енді Қостанайда бұл жағдай қалай болмақ?
Айта кететін жайт, жастарға бұл ұнап, тіпті күнде ары – бері қолданысқа жақсы деп жатыр. Осы жайында жастардан да сұрап көрдік. Бұл өте ыңғайлы екендігін атап өтуде.

– Маған өте қатты ұнайды. Бірақ, 30 тамызға дейін жүре аламын. Өйткені, менің жүргізуші куәлігім жоқ. Оны тапсырудың өзі біршама уақытты алады. Оған қоса, қазір жаңа заң бойынша егер тесті тапсырып, жүргізу кезеңінен өтпей қалсан, барлығын қайта тапсыру керек. Бұл жағдайды одан сайын қиындатуда, – дейді қала тұрғыны Санжар.

Иә, шынымен де жүргізуші куәлігін алу көп уақытты талап етеді. Әрине егер, жол ережесін білсе, жеңіл болады. Білмеген жағдайда, үш ай көлемінде курсқа қатысып, ережелерді үйреніп, содан кейін жүргізу бойынша сабақтарды өту керек.

Айта кететін жайт, біз байқағанымыздай, элекстросамокаттарды қолданып жургендердің көбісі 18 – ге толмағандар. Сонда, заң күшіне енгеннен кейін қандай оны қолданатын адам болады ма? Әлде осы үшін жүргізуші куәлігін жасайтын адамдар табылады ма?

– Қазір қаламызда жөңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда, самокаттар үшін бөлек ештеңе жасалмайды. Біз велосипед жолдары бойынша тұжырымдама жасап жатырмыз, – дейді тұрғын үй коммуналды қызметтерінің басшысы Данияр Сабитов.

Полиция өкілдері де, қаламыз ондайға дайын еместігін атап өтті. Тек полиция ғана емес, тұрғын үй-коммуналдық қызметтеркерлері де осыны айтып жатыр. Тіпті хаңға сәйкес тротуарларда жүру кезінде электросамокат жүргізушілеріне жылдамдықты 6 км/сағ-та жүргенде жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретіндігі анық.

– Кішкентай балаларға қауіпті. Олар алдынан шығып қалса не болады? Кім жауап береді, қызық екен. Қостанайда самокаттарға арналған жол қарастырылмаса неліктен пайда болды екен. Осыдан бірнеше күн бұрын Жеңіс көшесімен Урицская көшесінің қиылысынан өтіп бара жаттым. Жас бала самокатқа мініп алған. Жолда қиып өтті. Арғы жағында полиция машинасы келе жатты. Ешкім үндеме, анау бала қатты жылдамдықпен жүріп өтті. Сонда қазір заң шықпағанша оларды ешкім қадағаламайды ма?, – дейді қала тұрғыны Лейла Ш..

Иә, осы сұрақ барлығында туындайды. Қазір жастар екі – үшеуден мініп алып жүр. Ешкім ештене демейді де. Жалпы, электросамокаттандыр пайда болуы әзірше біреуге жақсы, біреуге жаман. Ал жастар арасында аса қатты танымал. Енді заң шыққанда оны кім қолданатыны белгісіз. Оған қоса, одан келетін қауіп – қатерде аз емес. Сол себепті бұл құрылғыларға қатысты жаңа ережелер ұсынылған болатын. Оған қоса, арнайы әзірленген заңда самокатта бірнеше адам мінуге және жүк тасуға тыйым салынған.

Полиция өкілдерінің айтуынша арнайы түсіндірме жұмыстары әзәрленіп жатыр, бірақ нақты ештене айта алмайды. Қаламызда инфроструктура дамымағаны осы маңайда байқалды. Енді қалай болар екен?

Ая ЖАСДӘУРЕНҚЫЗЫ,
фотоны түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77