Культура

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының ХХІV  маусымы басталмақ

Маусымның ашылу салтанатында Мағжан Жұмабаевтің «Шолпанның күнәсі» атты спектаклі көрерменнің қошеметіне ұсынылады. Аталмыш қойылымның таңдалуының себебі, биыл М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл

Осыған орай театр ұжымы маусымашарда «Шолпанның күнәсі» спектаклін сахналауды жөн көрген. Ол жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Оған облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Баатырбек Шамбетов және театр әртістері Қонысбек Бегайдаров, Дина Тұрсынова қатысты.

– Театр маусымының ашылуында Мағжан Жұмабаевтың туындысы бекер таңдалған жоқ. Барлығымыз білетіндей биыл ақынның 130 жылдығы және соның құрметіне «Шолпанның күнәсімен» 24-ші маусымның шымылдығын ашамыз, – дейді Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Баатырбек ШАМБЕТОВ.

Сонымен қатар, Амангельді Имановтың 150 жылдығына қойылған “Қаһарлы 16 жыл” және Балаларға арналған “Қожа мен спорт” атты жаңа премьералардың тұсауы кесіледі. Брифинг барысында театрдың биылғы және келер жылғы жұмыс жоспарлары талқыланды. Тағы бір қуанышты жаңалық театр ұжымы алдағы уақытта Атырау қаласында өтетін Махамбет Өтемісовтің 220 жылдығына арналған байқау фестиваліне отыр. Ол жерде жерлестеріміз “Алжир” спектаклін сахналайтын болады. Біз де өнер ұжымына сәттілік тіледік!

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77