2023 жылғы ат жарысы маусымының жабылуына орай алдымен, қазақтың ұлттық ат спорты ойындары көрсетілді
Солардың бірі – «қыз қууды» ойыны көрсетілді. Сондай-ақ қыз қуу, теңге алу және аударыспақтың жарқын көрсетілімдерін келушілер назарына ұсынылды. Қостанай жылқы тұқымы үшін 1600 және 2400 метрге тегіс жарыстар, 7000 метрге құнан байга және 20000 метрге аламан байга республикалық турнир өтті.
Салтанатты жабылуына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали және Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Н. Б. Мұқанов қатысты.
– Барлық аттар жақсы дайындалған. Былтырғы жылға қараған кезде аттардың деңгейінің өскенің көріп отырмыз. Өкінішке орай, аттардың саны әлі көбейген жоқ. Бірақ дегенменде көп атбегілер жас қостанайлықтарды тек Қазақстан емес, шетелден асып осында алып келіп, баптап жатыр. Келесі жылы жылқы саны көбейеді деген ойдамыз. Қостанай жылқысының сапасына келетін болсақ, әр маусымның әр бәйгесіне сай артып келеді, – дейді ҚР бәйге федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.
Жарысқа Қазақстан Республикасы облыстарының және Қостанай облысының аудандарының өкілдері қатысты.
Ұшқыр бәйге, 1600 м “Диктор” жүлдесі бойынша 1 орынды Ақмола облысынан келген «Самғау», жокей – Байқұрман Сабыржан иеленсе, 2 орынды өзіміздің Қостанайдың «Быстрая Звезда» жылқысы, жокей – Кариева Мария. Үшінші орынды, барлық біздің жарыстарымыздан қалмайтын Ақмола облысының «Золотой» жылқысы, шабандоз Никонов Михаил.
Ұшқыр бәйге, 2400 м “Неон” жүлдесі бойынша бірінші орынды Қостанай облысы, екінші орынды Ақмола облысы, ал үшінші орынды Қостанай облысы алған болатын. Құнан бәйге, 7000 м “Қазанат” жүлдесі бойынша да 3 орынды өзіміздің өңірдін жастары алып кетті.
Аламан бәйге “Гипотеза биесі” жүлдесі, 20 000 м жарысында бірінші және үшінші орын Қостанай ойыншылары алса, екінші орынды Ақмола облысы иеленді.
– Биыл өңірімізде Қостанай тұқымының жылқыларының арасында жалпы 7 жарыс болды. Соның бесеуі «Арғымақ» ипподромында өтті. Осы жылғы ат спортының жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Облыстың көкпар командасы Уфа қаласында өткен турнирде чемпион атанды. Оған қоса Астана қаласында өткен жарыста қола жүлдегер болды. Күні кеше ғана өткен Ұлы дала жорығы республикалық бәйге марафонынан біздің шабандоздарымыз бен жылқыларымыз өте жақсы өнер көрсетті, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.
Бұл іс-шара Қостанай жерінде ғана емес, бүкіл қазақ елі үшін аса маңызды. Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. Ол биік мәртебенің, байлықтың белгісі. Ата-баба дәстүрі қайта бір жаңғырылып, атақты Қостанай жылқылары мәреге шығарылады. Жеңімпаздар 500 мың, 1 миллион, 1,5 миллион, 2 миллион ақшалай сыйлыққа ие болды.
Аяжан СЕРІК,
сурет ашық ақпарат көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77