Қалалық әкімдікте Қостанай қаласының шағын аудандары мен тұрғын алаптарын қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, ұялы байланыс, байланыс инспекциясы операторларымен, ақпараттандыру басқармасының өкілдерімен ұялы байланыспен қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Жаңа шағын аудандардың аумағында стационарлық байланыс діңгектерін орналастыруға арналған жер учаскелері жоқ. Сондықтан көп қабатты үйлердің шатырларына жабдықты орнатудан мамандар көздеп отыр. Алайда, бұл жерде тағы бір мәселе туындайды-тұрғындардың бір бөлігі мұндайға қарсы шығып жатыр.
“Кар-Тел” компаниясы 9 қабатты шатырларда антенна салуды жоспарлап отыр.
– Біз тұрғындармен келіспеушіліктер болғанын қаламаймыз. Кейін әдейі бұзып кетіп жүрсе, қайта жөңдеп жүруге де ыңталы емеспіз. Микротолқынды пеш антенналарға қарағанда қауіпті. Телефонның дыбыстық сигналдары әлде қайда қауіпті, адамдар оны түсінбейді. Антеннада шамамен 10 Ватт, ал микротолқынды пештерде 700 Ватт бар. Яғни, микротолқынды пеш, телефон антенналарға қарағанда көп зиян келтіреді, – дейді “Кар-Тел” операторы Алексей Малышев.
Сондай-ақ, бұл мәселеде Қостанай қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Асқар Жабаев визуализацияны пайдалана отырып, осы заттардың зияндылығын салыстыру арқылы бір минуттық бейне түсіруді ұсынды. Оны жастар ресурстық орталығының басшысы Абай Дүйсеков қолдап, антенна орнатылған көпқабатты үйлердің тұрғындарын көрсетуді ұсынды және олар бұл үшін 60 мың теңге алады, олар осы ақшаға аула сыпырушыны жалдады. Барлығы бақытты, бәрі жақсы.
Нәтижесінде көпқабатты үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу дұрыс деп шешімге келді, бұған қалалық мәслихат депутаттары да көмектеседі.
Аяжан СЕРІК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77