Ол жайында толық білу мақсатында осы материалдан оқи аласыздар
– Иә, бұл күрделі мәселеге айналып жатыр. Көбінесе үлкен кісілер ң, ғ, қ әріптерін айта алмайды. Неге оларды көбісі айта алмайды? Өйткені ң дыбыстарын айту үшін біздің тілдің артқы жағы жоғары көтеріліп айтылуы керек. Бала кезінде түзетілмегесін қазір үлкен жаста әдетке айналып кеткен. Ересек немесе жастар уақытында түзетпеген, – дейді логопед Меруерт Шүйенқұлова.
Қазіргі таңда үйде қазақша сөйлесек, сыртта көбіне орысша сөйлейтініміз рас. Оқыған кезде қиындықтар да болады. Өйткені акцент пайда болады. Егер адам оны дұрыстағысы келсе, логопедке барып жатығулардың арқасында барлығын нақты айтуға болады. Мамандардың айтуынша, 5-6 жастағы балаларға тілдің барлық қыр сырын айтып, оны үйретуге болады.
Көп тілділіктің де ерекшелігі бар. Бізде баланың тілі қалыптаспай тұрып екі тілде сөйлейміз. Ал егер бір тілде сөйлесек кез келген әріпті дұрыс айту қалыптасады.
– Мектеп жасындағы балаларға ойын арқылы жеткізу өте оңай, ойын барысында балалар жеңіске жету мақсатында сөздер мен әріптерді өте тез жаттап алады, сол арқылы тіл үйрену қиын деген ой да болмайды. Төл әріптерді дұрыс айту үшін салыстыру әдісі өте қолайлы. Орыс тіліндегі кейбір сөздерде де біздің төл әріптер естіледі, – дейді «Grand Lux» тілдерді үйрету орталығының оқытушысы Гүлназ Асанова.
Бұрынғы жарық көрген маңызды деген шығармаларымыздың мәнсіздері өзінен өзі түсіп қалады. Қазіргі ұрпақ кем дегенде жарты ғасыр кирилді ұмытпайды, ендеше жазба мұраларымыз оқылмай қалады деп уайымдауға негіз жоқ.
Оның үстіне болашақ ұрпақты үш тілді етіп тәрбиелеу мәселесі мемлекеттік шараға айналып отыр. Сол үш тілдің бірі орыс тілі болып қала береді. Өркениетті елдерде көп тіл білу – кәсіби жетістік болып саналады.
Аяжан СЕРІК
сурет ашық ақпарат көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77