«Тіл тамыры – отбасы» байқауы ата-аналарының басын қосып, мемлекеттік тілді отбасы мүшелері арасында насихаттауға тағы бір мүмкіндік туғызды
Байқауға қаламыздың бірқатар мектептерінен сегіз отбасы қатысты. Байқау төрт кезең бойынша өтті. Әрбір қатысушы жанұя өз отбасы мүшелерін таныстыру сәтінен басталған байқау, өнер, шығармашылық, бата беру сайыстарына ұласты. №28 мектеп гимназиясы атынан келген Марғұлан мен Мөлдір Әбдібековтер отбасының таныстыруы көрерменнің көңіл төрінен орын алып, қөшеметке бөленді.
– Осындай ана тілімізге қатысты іс-шараға қатысу туралы ұсынысты біз бірден қабыл алдық. Өйткені әрбір бла ана тілін отбасынан бастап құрметтеп үйресе нұр үстіне нұр болары анық. Сондықтан біз отбасымыбен өнер, тіл саласын алдыңғы орынға қоямыз. Осындай жобаны ұсынып отырған ұйымдастырушыларға алғысымызды айтамыз, – деді Мөлдір Әбдібекова.
Байқауға қатысуға келген Қабдрахман мен Айгерім Сұлтановтар ұстаздар отбасы. Бүгінгі байқауға үлкен дайындықпен келгендерін айтады. Балалары Ерасыл С.Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы. Отбасы мүшелері өте талатты, әу деп ән салудан да құр алақан емес.
Аталмыш байқау «Аmanat» партиясы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесі мен Қазақ тілі қоғамының бірлескен жобасы. Іс-шара Білім бөлімінің ұйымдастырылуымен жүзеге асты.
– Қалалық сайыста жеңіске жетіп, жүлделі бірінші орын алған отбасыға 75 мың, екінші орынға 50 мың және үшінші орынға 25 мың теңге табыс етілді. Ал, облыстық байқауда бірінші орынға ие болған жанұяға 500 мың теңге, ары қарай 300, 200 мың шамасында қаржылай сыйлықтар берілетін болады, деді ұйымдастырушылар.
Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77