Форумға Челябі, Екатеринбург қалаларынан арнайы өкілдер келіп қатынасты
Басты мақсат жастар жылын жүйелеу, еріктілер жылына нақты жоспарларды айқындау дейді ұйымтастырушылар.
– ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Достық үйі бірлесе отырып осы форумды өткізудеміз. Жастар жылы аяқталуға жақын қалды. Ал, келер жыл еріктілердін еншісінде екені мәлім. Бұл форумға серіктестіктерімізді, достарымызды арнайы шақырттық. Осы форумды өткізу арқылы, еріктілерді оқытып және олардың алдынан туындайтын мәселелерді шешуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ, жиын барысында студенттердің жетістікке жетелейтін жоспарларымен танысатын боламыз, – дейді ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жетекшісі Ольга Николаевна.
Осы уақытқа дейін Қостанайда еріктілер жұмысы өз жемісін берді. Тәжірибелі жастардың еріктілер жылына да үлкен жоспарлары бар.
– Еріктілік – жоспарланған жұмыс емес екені аян. Егер сіз ерікті болсаңыз тәулік бойына жұмыс істейсіз. Еріктілермен бірге балалар үйіне барып, балаларға мерекелер ұйымдастырасыздар одан да бөлек түрлі шараларға қатысады. Қоғамдық жұмысқа да белсенді араласып, өскен қаламызды қоқыстан жазартуға жәрдемдесесіз, – деді тәжірибесі мол еріктінің бірі Милина Третьяк.
Форум барысында арнайы бағдарлама даярланған. Жиналған қала оқу-орындарының студент-еріктілеріне семинар-тренинг жүргізілетін болады. Сонында сертификат табысталады.
Президент 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады және еріктілерге қолдау көрсетуге уәде берді, демек көмек беруге көбірек мүмкіндіктер болады деген сөз. Ерікті студенттерге қосымша қаржы төлеп және ақылы түрде оқитындарға волонтерлық сағаттарды оқу ақысы ретінде есептейтін болады.
Мемлекет белсенділердің идеяларын жүзеге асыру үшін гранттар бөлуді де жоспарлап отыр.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77