Біздің Қостанай В ритме города

«Қалаға қарағанда әлде қайда тыныш» – дейді тұрғындар

Саяжайы бар кез-келген адам мезгіл-мезгіл қаладан, таза ауаға шыққанды ұнатады. Бірақ қандай жағдай болмасын, саяжай – бұл жазғы демалыс түрі ғана емес, көптеген адамдар қыста да сол жерде тұрады. Расында, көп жағдайда тұрғындар тек қарды тазалау үшін, учаскені ретке келтіру үшін саяжайға барады

Біз “Геолог” саяжайындағы тұрғындармен әңгімелесіп, кімнің қалай тұрып жатқандығын сұрастырдық.

– Бұл жердің жері керемет. Тіпті, қар еріген кезде де батпақ болып ұзақ уақыт тұрмайды. Құмды жер болғандықтан жерге сініп, қатып қалады, – дейді саяжай тұрғыны.

Отбасылардың кейбірі балапандарды ұстайды екен, ал шет жақында сиыр бағатындар да бар.

Тұрғындардың басым көпшілігі саяжайға аулада демалу үшін жаз мезгілінде келеді. Шындығында, олар үйге ұйықтар алдында ғана кіріп, көп уақытын сыртта өткізеді. Әрине, бұл түсінікті, өйткені олар таза ауамен дем алу үшін барады.

Қыста саяжайларда өмір сүру ерекше сипатқа ие. Өйткені адамдардың көпшілігі жылу мен жайлылық іздеп қала маңындағы аудандардан кетуді жөн көреді. Дегенмен, таңғажайып ерекшеліктердің бірі қала қарбаласынан алыс қысқы атмосферада қалу және ләззат алу басты себептердің бірі.

Бұл ынталы жұрт өздерінің саяжайларын таңғажайып қысқы іс-шараларға толы жайлы оазистерге айналдырады. Қоршалған учаскелермен олар өздерінің табиғи қорын сақтай отырып, қысқы көкөністер мен шөптерді өсіру үшін жылыжай жағдайларын жасайды. Үлпілдек қардан аязды ауаға дейін олар әр қысқы элементтен сұлулықты табады.

Тұрғындардың айтуынша, көршілері қазан айынан-сәуір айына дейін болмайды. Жазда адам толып жүрген жер бір мезетте тыныш болып қалады. Кейбірі тек иттеріне тамақ алып келіп, кетіп жүреді.

– Мұнда тұрып жатқанымызға 10 жылға жуық уақыт болды. Екі балам, әйелім төртеуміз тұрамыз. Барлық осындағы үйлер сияқты біздің үйімізде кішкентай болған. Өзіміз қосып, салып алдық. Көмірді өзіміз алып, пешімізді жағып тұрып жатырмыз. Бұл жерде тұрғанның бір кемшілігі балаларға мектепке, балабақшаға бару үшін таңғы 5-6 да тұру керек, – дейді тұрғындардың бірі.

Осында қысы-жазы тұратындар тұрғылықты жері ретінде тіркеліп тұр. Ал интернетке келетін болсақ, бұл жерде бай- ланыс дұрыс ұстамайды. Тек қалаға жақындағанда жақсы істейді. Бұл бір жағынан балалар үшін жақсы, олар көп уақытын телефонда өткізбейді.

– Қаладан тыс жерде тұрып жатқан әлде қайда жақсы деп ойлаймын. Өзімізбен өзіміз, тыныш, балалар есік алдында ойнайды. Бізге ешкім кедергі келтірмейді. Көшедегі қарды өзіміз трактор жалдап тазалатамыз. Алдынғы жылы 15000 болса, биыл екі рет қар қатты жауды, 18000 теңгеге тазалаттық. Ал былай бізге барлығы ұнайды, азық-түлікті қалаға барғанда көбірек алып қоямыз, – дейді тұрғындардың бірі Анара.

Дәл “Геолог” саяжайында қазіргі таңда 55 отбасы тұрып жатыр. Көбі қасына тағы үй салып немесе оны кеңейтіп қойған.

Бір кемшілігі осы жаққа тек бір автобус жүреді. Тағы 19 автобус келсе, жақсы болар еді. Өйткені біреуінің өзі осында келгенде толып, адамдар сыймай қалады. Балаларға өте қиын. Тұрғындар тек осыны аңсап жүр. Кейбірі бірінші автобустан екіншісіне отырып қалаған жерлеріне жете алады.

– Осында жұмыс жасап жатқаныма бірнеше жыл болды. Отбасыммен тұрамыз. Үкімет осы жерде қарап отырғаным үшін 80000 теңге береді, қыста күзетеміз, жазда ремонт жасаймыз. Оған қоса қысқа 5 тонна көмір берді, – дейді “Геолог” саяжайының күзетшісі.

Айта кететін жайт, саяжайларда бұрын түрлі ұрлықтар болған, қазір ондайлар аз. Тіпті, бір жылы жастықтарды ұрлаған кез болған екен. Қазір кейбір үйлерде бейнебақылау орнатылған. Сақтықта қорлық жоқ дейді саяжай тұрғылықты мекен-жайына айналған жандар.

Қалай болмасын, саяжайдағы өмір қаладағы қарбаласқа қарағанда, әлде қайда жақсы емес пе? Тіпті, біз барған кезде де бір тыныштықты сезініп, ерекше күйге ендік.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77