Біздің Қостанай Социум

Майлин көшесінің ұзындығы шамамен 2 шақырымды құрайды

«Наш Костанай» газеті жаңа жобаны бастағалы жатыр. Енді айына бір рет қаламыздың көшелері жайында мақала, әлеуметтік желіде рилс салынатын болады.

Бұл Қостанайдағы көшелер кімнің құрметіне аталғандығы жайында, жалпы көше туралы апарат жинайтын боламыз. Егер сіздердің көшелеріңізде бір тарихи оқиға немесе тағы да есте қалатын оқиғаларыңыз болса, айта аласыздар. Біз ең алдымен Бейімбет Майлин көшесінен бастауды ұйғартық.

Мұның себебі, биыл көрнекті жазушының туылғанына 130 жыл толып отыр. Бейімбет Майлин көшесі – Қостанай қаласының орталық бөлігінде орналасқан, ұзындығы шамамен 2 шақырымды құрайды. 1965 жылы драматург, жазушы және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Бейімбет Майлиннің құрметіне аталған. Бұрын Украинская көшесі деп аталған.

Дощанов көшесімен қиылыста басталып, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен қиылысумен аяқталады. Сонымен қатар Шевченко, Победа, Пушкин, Тәуелсіздік, Толстой, Гоголь көшелерімен және Әл-Фараби даңғылымен қиылысады. Темірбаев пен Урицкий көшелерімен қатар жүреді.

Тақ жағындағы үйлердің нөмірленуі 5-ші үйден басталып, 85-ші үймен аяқталады, ал екінші жағында 2-ші үйден 74-ші үйге дейін. Қоғамдық маңызы бар ғимараттарға Қостанай теміржол ауруханасы, статистика департаменті және Мемлекеттік кірістер департаменті кіреді.

Темір жол ауруханасының тарихы сонау 1941 жылы осы көшеде басталды, вокзал жанындағы шағын дәрігерлік амбулатория-бір дәрігер, екі фельдшерден тұрды. Бұл жерде ұзақ уақыт бойы тұрғын үй болған. 1959 жылы аурухана сала бастады, қазір диагностика ғимараты. 80-ші жылдары төрт қабатты ғимарат салынды. Нысан 1987 жылы тапсырылды. Енді міне, қазір ауқымды жерді алып жатқан, Майлин көшесінде орналасқан нысандардың бірі.

Құрылысы аралас – көп қабатты және бір қабатты үйлер бар. Жер үйлер Майлина көшесімен қиылысқан Пушкинадан бастап келесі Тәуелсіздік көшесінің қиылысына дейін жалғасады.

Көшеде қоғамдық көліктің автобус маршруттары салынды. Теміржол вокзалы Әл-Фараби даңғылының қиылысында шамамен 600 метр қашықтықта орналасқан. Жалпы, бұл көше қала орталығына жақын, барлық керекті жерлерге бірір минутта жете аламыз.

Сонымен қатар, осы көшеде Қостанай облысы төтенше жағдай департаменті мен жедел құтқару жасағы орналасқан. Ал бұрын ол жерде өрт сөндіру ғимараты болған еді. Өрт мұнарасы әлі күнге дейін сақталған. Дәл сол маңда теміржолда орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, өте сирек жүк таситын пойыздар жүріп өтеді.

– Бізге бұл жерде тұрған ұнайды. Өзіміз үйреніп қалдық. Қаламыздағы тыныш жерлердің бірі деп айта аламыз. Балаларды да далаға ойнауға алаңсыз жіберуге болады. Әрине, осы жердегі екі үй көрінбей, тығылып тұрған тәрізді. Тіпті, бірінші рет келген адамдар түсінбей қалады. Біздің тұрып жатқанымызға 20 жыл болып қалды, – дейді тұрғындардың бірі Сымбат Асқарова.

Ел Тәуелсіздігінің таңында Қостанайда бір ғана ескерткіш – Бейімбет Майлиннің мүсіні орнатылды. Ол вокзал маңындағы алаңда 1994 жылы, Қостанай облысының атақты тумасы туған күнінің жүзінші мерейтойын атап өткен кезде пайда болды. Мыстан жасалған бюст бетон тұғырға орнатылып, мәрмәрмен қапталған. Көше бойындағы ескі үйлердің бірі 1960 жылы қолданысқа берілген Майлин 17 үйі. Қазіргі таңда көшенің бейнесін құртып тұрған да сол үй десек те болады.

– Осыдан 1,5 ай бұрын әкімдіктен адамдар келген еді. 2025 жылы сыртын қаптап, төбесін жөндеп береміз деген. Ал жертөлені өздерін жасадар деп айтты. Бұл жерде көбісі зейнеткерлер тұрады. Еш жерде тіркелмеген , иесіз үй. Егер төбеден су аққан кезде тоққа тисе, өртеніп кететіндігін барлығы көріп тұр. Бірақ басқа баратын жеріміз жоқ. Әкімдіктен келген адамдар егер ол төтенше жағдайда деп танылса, онда жалға берілетін пәтерлер беріледі, – дейді тұрғындардың бірі.

Енді бұл үйдің күйін алдағы уақытта біле жатармыз. Жалпы, Бейімбет Майлин көшесінде барлығы бар десек те болады. Орталықтан да алыс емес. Жасырылып тұрған үй, қирауға шақ қалған үй, жаңа үйлер мен жер үйлер де бар.

Бейімбет Майлин деген кім екендігін адамдар біле ме?

Сонымен қатар, біз осы көшеден өтетін, осы көшемен жұмысқа, не сабаққа баратын бірнеше адамдардан Бейімбет Майлин кім екендігін сұрастырдық. Бірі оның жазушы екендігін айтса, екіншісі вокзалдың қасында оның ескерткіші бар екендігін. Ал бірі қазір облысымызда оның айтындағы аудан бар екендігін, яғни осы жерде дүниеге келгендігін айтып жатты. Әрине, білмегендер де болды.

Біздің басты мақсатымыз, ең болмағанда күнде жүріп, өтіп жатқан көшеңіздің кімнің есіміне арнап аталғандығын білгеніңіз. Жобамыз алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын»; «Күш» – сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты; «Жаңаша оқы және жаз» құралын және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» жазып шығарды. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Тіпті, жазушы Бейімбет мықты журнлисте болған.  Алғашқы мақалаларым бірінен соң бірі жарияланып жатты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета «Наш Костанай» (@nashkostanay)

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77