Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру міндеті ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады
Осы мақсатта ақпан айының басынан бастап облыс аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырылған, бұл іс-шара ақпан айының соңына дейін республиканың барлық аумағында өткізілетін болады.
– Көрсетілген кезеңде патрульдердің шығуы ұлғайтылды, атап айтқанда түнгі уақытта “жасырын патрульдеу” әдісі де қолданылады. “Жасырын патрульдеу” кезінде жол қозғалысын қадағалау “жасырын” автопатрульдерді авариялық-қауіпті учаскелерге кезең-кезеңімен қайта орналастыра отырып, түсті графикалық схемаларсыз және жыпылықтайтын маяктарсыз, бірақ бейнетіркеу және жылдамдықты өлшеу жүйелерімен жабдықталған қызметтік автомобильдерде жүзеге асырылады, – дейді Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Алексей Милюк.
ОПМ басталғаннан бері осы әдіс бойынша жұмыс кезінде жылдамдық режимінің 164 бұзылуы анықталды.
– Полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу аптасында барлығы 2 мыңнан астам жол ережесін бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 18 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін және 5 жүргізуші басқару құқығынан айырылып, көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды, – деп атап өтті полиция подполковнигі Айнұр Жұмағұлова.
Мас күйінде немесе куәліксіз көлік басқару фактілері полиция қызметкерлерінің назарына іліккендердің саны да аз емес.
Аяжан СЕРІК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77