Ежелгі уақытта Қазақстанда жаңа жылды атап өту дәстүрі болған. Бұл уақыт «Жапырақтардың шығу уақыты» деп аталды. Көктем қысты толғандырып, 21 наурызда өз құқығына толыққанды кірді, дәл осы ерекше күні көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, табиғаттың жаңаруын да білдіретін Наурыз мерекесі атап өтіледі.
Наурыз-дәстүр, тарих және қазіргі заман
Ежелгі заманнан бері Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты, достық пен сүйіспеншілікті бейнелейді. Бұл күні адамдар талғампаз киініп, туыстары мен достарына қонаққа барады және ізгі тілектерін айтады. Мереке жаңа өмірдің хабаршысы болып саналады. Ал парсы тілінде Наурыз сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Бірнеше күннен кейін Шығыс әлемі мереке дәстүрі бес мың жылдан асатын Наурызды атап өтеді. Еліміздің батысында, Маңғыстаудың ежелгі жерінде Наурызды тойлау республиканың барлық басқа аймақтарына қарағанда бір апта бұрын басталды. Ал қазір республика көлемінде мейрам 10 кұн тойланады.
Наурыз 14-23 наурызды қоса алғанда тойланады: Наурыз мейрамы 10 күн тойланады. Бірінші 14 наурыз – «Көрісу күні», 15 наурыз – «Жайлау күні», 16 наурыз – «Шежіре күні», 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні», 18 наурыз – «Игі істер күні», 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні», 20 наурыз – «Зияткерлік күні», 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні», 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні», 23 наурыз – «Жоралғы күні».
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ең қымбат» мақаласында Наурызды мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуді және көктемгі мерекенің мазмұнын байытуды тапсырды. Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», – делінген құжатта.
Тұжырымдамаға сәйкес мерекенің міндеттері, жалпықазақстандық рухани құндылықтарды, халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту; ата-аналарға қамқорлық жасау, жақындарымен және туыстарымен қарым-қатынас жасау дәстүрін дәріптеу арқылы отбасы институтын нығайту; азаматтық бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық мәдениетін дамыту; этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамда достық пен сенімді нығайту; Қазақстан табиғатының бірегейлігін және табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігін түсіну, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жөніндегі экологиялық мәдениет пен қоғамдық бастамаларды дамыту.
– Біз совет үкіметі кезінде өстік, балалық шағымыз сол кезде өтті. Кейін 80-ші жылдардың аяғында Наурыз қолға алына бастады. Сонда осы мереке жайында білдік. Сол үкіметте қандай мереке болды, соны ғана тойладық. Есейгенде ғана Наурыз жайында білдік. Батыс жақта 14 наурыз күні Көрісу күні бұрыннан тойланатын, ал қазір барлық жерде солай тойланып жатыр. Бірақ мұның бәрі дұрыс деп ойлаймын. Біздің ұрпағымызға қазақтың салт-дәстүрін білу керек. Біздің отбасында міндетті түрде наурыз көже пісіріледі, отыз жылдан аса уақыт болды. 21-нен 22 -не қараған түнде жеті дәмнен мол етіп қосып, дайындаймын. Бір қызық айтайын, осы шамамен жиырма жыл бұрын орталықта Наурыз мерекесі тойланып жатты, бір киіз үйге кіріп наурыз көжені көріп шошып кеттім, сонда колбаса туралған, картоп салған. Бұл енді Қостанайда көп ұлттық басым болғандықттан шығар, – дейді Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Ақдамен Досанова.
Бұрын мұндай болмаған
Шамамен, еліміздің барлық қалаларында Наурыз 14-нен 23-не дейін тойлануы 2021-ші жылы бастау алды. Міне, содан бері барлық қалаларда 14-нен бастап күн сайын түрлі мерекелік іс-шаралар өтуде.
– Жалпы Наурыз мейрамын ата-бабаларымыз ерте дәуірден атап өткен. Кейін Кеңес одағы кезінде мерекеміз жоғалып кетті. 73 жылдай тойлаған жоқ. 1988 жылы Мұхтар Шаханов Колбинге кіріп, әуелі «Жас алаш» газетіне жазып, кейін бұл мекеренің дінге ешқандай қатысы жоқ екендігін айтты. Бірақ қазақ көп шоғырланған жерде тойланған. Бұрын әр күнді тойлау болған жоқ, кейін пайда болды, – дейді «Қазақ анаралы дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы бойынша мүшесі Райхан Абдигамидова.
1989 жылдан бастап Наурыз мейрамы ресми түрде 21-22-не ауыстырылғандықтан, халық амал жоқ 14 наурызды «амал», «көрісу» атап кетті. Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», «Ақ мол болсын», «Ұлыс оң болсын», «Жаңа жыл құтты болсын!» деген секілді сөздер арқылы жаңа жылдың келуімен құттықтап, арқа-жарқа болады. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн.
– Көрісу күні Батыс жақтарды бар. Атырау, Ақтау, Маңғыстау өңірінде бір бірін кешірейік, татуласайық деп 14 наурыздан бастап тойланады. Бізге 1-2 жыл бұрын келді. Өзім жайлы айтатын болсам, 1988 жылы Қостанайға келін болып түстім. Ал 1992 жылы алғаш рет Наурыз мейрамы қарсанында қаламызда келіндер сайысы өтті. Сол кезде мен 21-22 жастағы жас қыз едім. Жыл сайын 21 күні кешкілік Наурыз көжені пісіріп, жаңа жылды күткендей, Аяз атаны күткендей Қыдыр атаны күтеміз, – дейді Гүлжамила Сүндетбаева, ҚХА Қостанай облыстық жанындағы «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары.
– Әр салт-дәстүрдің астарында жатқан сыры бар. Бұрын оның барлығы дінге байланысты деп алып тасталды ғой. Ал қазір шүкір барлық жұртпен бірге тойлаймыз. Қаламыздың орталығында киіз үйлер орнатылып, қазақ-орыс болсын барлығы бірге атап өтеді, – деді «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мақсат Арыстанов.
Кейіпкерлеріміздің айтуынша, 1989 жылы 9 мамыр күні Арқалықта мектеп мұғалімдері Наурыз мерекесін өткіздік, ат жарыс ұйымдастырып кәдімгідей үлкен іс-шара болды. Кейін Қостанайда 1989 жылы маусымның аяғында жағалауда әр кеңшардың тұрғындары келіп тойланған. Бірақ бұл тәуелсіздікті әлі алмаған уақыт еді. Сондықтан жаздың ортасында өткізілген.
– Осы Ұлыстың ұлы күні байланысты түрік халықтарының барлығында әдет-ғұрыптар, жол-жоралғылар бар. Бұрын 22-ші наурыз басталса, қазір 14-нен бастап тойланып жатады. Қазір мектептерде де салт-дәстүрімізді көрсетіп, әр түрлі іс-шаралар өтіп жатады. Жалпы бұл ұмытылып кетіп бара жатқан әдет-ғұрыпты еске алып, олардың ғасырдар ғасырға таралуы деп білеміз. Мысалы, қазір ақырын ғана жұқа тырбық қар түсіп жатыр, мұны «наурызша» деп атайды екен. Осылай мейрамның басы басталады. Күн мен түннің теңескенің біз жаңа жыл деп есептейміз, – дейді Райхан Арыстанова «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі.
Әжелердің айтуынша, қазір жастар қазақ салт-дәстүрін ерекше құрметтейді. Сонымен бірге халықтың тарихи-мәдени, өнерге деген қызығушылығын арттыру және Наурыз мейрамы, ұлттық құндылықтарды арттыру мақсатында музейлерде, оның ішінде мектепте, жұмыс орындарында ұлттық киімдерді киіп, сол күнгі бағдарламаларына алдын-ала енгізу және оны халыққа кең көлемде жарнамалау өте маңызды. Өздері қызығушылық танытып, ұлттық киімдерді күн сайын киетін киімнің бір бөлшегі етіп алады. Қазір жастардың талғамы ерекше. Бүгінгі ұрпақ батыстың сән үлгісінен гөрі заманауи стильде тігілген ұлттық киімдерге әуес. Тіпті әлемге әйгілі брендтер де этностильге көз тіккен. Бұрын Наурыз мейрамы қарсаңында ғана ұлттық киімді киім жүрсе, қазір шекелік, тақия, белбеу, түрлі әшекей бұйымдарды күнделікті киіп жүретін жастар өте көп.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77