Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан төл мұраларының бірі – тоғызқұмалақ. Бүгінде бұл спорт түрі еліміздің барлық өңірлерінде жоғары қарқынмен даму үстінде.
Тәуелсіздік алған жылдары тоғызқұмалақ ел арасында кеңінен насихатталып, басылым беттерінде түрлі зерттеу мақалалары жарияланып тұрды. Бірақ соңғы кездері жаңалықтар легі сәл саябырсыды. Бұл – өкінішті жағдай. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір азамат тоғызқұмалақ ойынының ережесін біліп қана қоймай, оны жұртшылыққа насихаттаулары тиіс. Қостанай облысының аға жаттықтырушысы, ҚР Еңбегін сіңірген жаттықтырушысы Абильбеков Батырхан.
Міне, 21-31 наурыз аралығында Өскемен қаласында жарыс өтті. Бұл жарыс жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыс болды(15,17,19,21 жасқа дейін). Қазақстанның 19 өңірінен ойыншылар келіп, 300-ден аса адам жарысқа қатысты.
Өзің үздік ойыншы ретінде көрсетіп, Айдын Жакиев ҚР спорт шебері атағын орындап, Румынияда өтетін Әлем Кубогіне жолдама алды.
– 3-сыныптан бастап қатыстым, жалпы 8 жыл болды айналысып жүргеніме. Республикалық, Азия, Әлем Czech Open жарыстарына қатыстым. Негізінде мен жасым 16 болған соң мен 17 жасқа дейін ойнай алатын едім, бірақ 19 жаста 1-орынға мастер және бірінші және екінші орынға Румынияға жолдама бергендіктен, мен рапид пен блицты 19 жастағылар арасында ойнаймын деп шештім. Классикадан 17 жастан 1-орын алғандықтан, қатты уайым болған жоқ және қатты талпыныс болғандықтан блицтан 1-орын ала алдым, – дейді жас ойыншы Айдын Жакиев.
Тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер мен жастар арасындағы жекелей чемпионаты жас классика, рапид, блиц түрлерінен Қостанай облысы жалпы медаль саны бойынша командалық есепте 19 команда ішінде, 2 орынға ие болды. Қостанай облысының оқушыларының қоржынында 4 алтын, 2 күміс, 3 қола.
– Негізі тоғызқұмалақ ойыны ерте заманнан келе жатқан, төрт мың жылдық тарихы бар. Ол тіпті, Абайдың ең сүйікті ойыны екендігін білеміз. Осы ойын өзіне ұқсас ойындарға қарағанда ана құрлым күрделірек. Себебі, ойында арифметика мен алгебраның элементтері кездеседі. Оған қоса ойлау ойда сақтау қабілетімізді арттырып, ойлау қабілетімізді өсіреді. Терапиялық сипатыда зор, – дейді тоғызқұмалақ ойыншылары.
Тоғызқұмалар өмірде әрдайым дұрыс шешімді қабылдауға, әр қадамды ойлау басуға көмек беретін ойын екендігінде атап өтті.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының брендтерінің бірі. Бұл ойынды патенттеу мәселесі де назарымызда болуы тиіс. Кейбір азаматтар түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы деп пікір айтып жүргенімен тоғызқұмалақтың мейлінше өркендеп, қошеметке ие болған жері – Қазақстан. Демек, оның Отаны да, иесі де – Қазақстан. Елімізде бұл спорт түрін 100 мыңнан астам адам ойнай біледі деген дерек бар. Әлем біріншіліктері мен халықаралық сайыстардың бәрінде қазақстандық тоғызқұмалақшылар жеңімпаз атанып жүр.
Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған
кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77