Біздің Қостанай ЖКХ

Биылғы жылы көшелердің жөндеу жұмыстарына бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлініп отыр

Қаламызда жыл сайын көшелердің жөндеу жұмыстары қарқын алып келеді. Соның ішінде 2023 жылы Қостанайда 65 көше жөнделді. Оның бесеуі-қайта құру, 60 көше орташа жөндеу. Бұл көшелердің жалпы ұзындығы-34,3 шақырым. Сондай-ақ, 53 аула аумағы жөнделді.

Қостанай ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Денис Петрухно өткен жылы Назарбаев өткелін түсіру үшін қаланың солтүстік-батыс бөлігінен Қостанай халықаралық әуежайына кірме жол қайта жаңартылғанын еске салды. Жол екі жаңа шағын ауданды байланыстырды, оның ұзындығы 1,1 км, жоба сомасы 914 миллион теңге.

– Триатлон паркіне кірме жолдарды қамтамасыз ету үшін Фролов және Тобольская көшелерін 911 миллион теңгеге кірме жолдармен қайта жаңарту жүргізілді. Біз бірден төрт жобаны жүзеге асырдық. Жөнделген төсемнің ұзындығы 2,2 км, сонымен қатар 280 орындық автотұрақ ұйымдастырылды.

2024 жылы 42 көшені (оның ішінде төрт көшені қайта жаңарту, орташа жөндеу 38), ұзындығы – 42,5 км және 72 аула аумағын жөндеумен қамту жоспарлануда.

– Толығырақ, орташа жөндеу жұмыстары 35 шақырым жолды қамтиды. Сондай-ақ, көшелерді қайта жаңартудың бес жобасын іске асыруды бастау жоспарлануда (2024-2025 жж.): – Фролов-Назарбаев көшелерінің шекарасындағы Баймағамбетов көшесі . -Фролов көшесі Абай-Баймағамбетов көшелерінің шекарасында. – Назарбаев даңғылы Промышленная көшесінен айналма жолға дейінгі шекараларда. – Гоголь-Рабочая көшелерінің шекарасындағы Сьянова көшесі. 2025 жылы Абай – Баймағамбетов шекарасындағы Наримановская көшесін қайта құру жобасын іске асыру жоспарлануда (ЖСҚ-ға бюджеттік өтінім берілді), – деп хабарлады Денис Петрухно.

Жалпы алғанда 38 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарланып отыр, қиыршық тасты құм қоспасы төселетін көшеге 19 көше кіретін болады. Онын ішінде Узкоколейная көшесі, Баймағамбетов шолақ көшесі, Қасымханов шолақ көшесі, Чехов тұйық көшесі, 5 апрелья, Летунов тұйық көшелері, Железнодорожная тұйық көшесі. БҚ Текстильщикке қарай кіреберіс жол, Әбілсай тұйық көшесі, Гоголя шолақ көшесі, Уральский өтпесі, Бородин тұйық көшесі, Өнеркәсіптік аймағы Дорожников көшесі, Астықжан СО маңындағы Абай даңғылынан басталатын қосалқы жол, Садовая-Спортивная шектесетін тұстағы Бауман көшесі, Садовая көшесі мен 30 лет Целины көшесінің шекарасындағы Степная көшесі, Челябинский өтпесі.

Қонай ықшам ауданындағы Болашақ көшесі ұсақ түйіршікті төсемге 14 көше кіреді.

Сондай – ақ, ол қаланың орталық және батыс бөлігін жалғау үшін «Темірбаев-Достық көшелерінің шекарасындағы Тәуелсіздік көшесі бойынша жол өтпесінің құрылысы» ТЭН әзірлеу басталғанын хабарлады. Тұрақ орындарымен проблемаларды шешу және аула аумақтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін орамішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу шеңберінде жұмысты жалғастыру жоспарлануда. Биылғы жылы 72 ауланы ретке келтіруге уәде берілуде. Бұл жобаларды іске асыру үшін бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлінді.

Қиыршық тасты құм қоспасынан жасалған негізден бастап жөндеу, ұсақ түйіршікті төсемді салу, сондай-ақ шақпатасты-мастикалық асфальтбетонды төсемдерді салу жұмыстарына «АБЗ плюс» ЖШС мердігер ұйымымен шарт жасасты, сондай-ақ қиыршық тасты құм қоспасынан жасалған негізден бастап жұмыстарына мердігер ұйым «Арвис» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.

Биылғы көктем айында қаламыздағы бірнеше шағын аудандар мен жер үйлерді қар суының басуы да жолдар мен суағарлардың дұрыс орналаспағанынан деп тұжырымдауда мамандар.

– Осы ретте өткен аппараттық жиында алдағы екі жылда оларды іске асыруды, сондай-ақ су бұру жүйесі салынбаған жолдарды жобалауға және салуға тыйым салуды ұсынамыз, – деді қала әкімінің орынбасары Алмат Исмагулов.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77