Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді. Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы Ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты.
Биылғы жылы еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты этнос өкілдерінің жыл сайынғы кездесуі онлайн режимінде өтті. Отырыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, бүгінде бүкіл әлем катаклизм дәуіріне аяқ басты және Қазақстан да ерекшелік емес. Еліміздің көптеген аймақтарында бұрын-соңды болмаған су тасқыны болып жатыр.
Президент өз сөзінен кейін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Мәселен, “Шапағат” медалімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Қостанай ә/б 6697 бөлімшесінің командирі Кирилл Пономаренко марапатталды.
Жан ШАЙМЕРДЕН, сурет ашық ақпарат көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77