Новости События

Сәт сапар жас түлек!

Қостанайда жалпықалалық түлектер кеші өтті

Облыс әкімдігінің алдындағы алаңда  сәні мен салтанаты жарасқан іс-шара болып өтті. Онда ата-аналар, мұғалімдер мен басшылар, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеуге жиналды. Түлектерді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев құттықтады. Оның айтуынша, биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылы деп жариялағандықтан, осы жылды пайдалана отырып түлектерге арман-мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жақсы бастамалар қолға алынады. Сондай-ақ, биылғы жылы Үкімет гранттар санын көбейту жөнінде мәселелерді қарастырады.

–Мемлекет 69 000-нан астам грант бөлген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Бұл бүгінгі күні сіздергеге ақысыз негізде жоғары білім алу үшін қосымша мүмкіндіктер берілетінін білдіреді. Жоғары біліммен қатар техникалық мамандықтарға, жұмысшы кәсіптерге басымдық беріледі. 2017 жылдан бастап, Қостанай облысында тегін білім беру бағдарламасы бойынша 16 000-нан астам адам білім алуда. Жастар үшін барлығы жасалып жатыр. Біздің облыста 5 жатақхана салынады, қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мен Қостанай мемлекеттік университеттері құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен мектеп құрылысына 2,5 миллиард теңге бөлінді. Көптеген спорт нысандары іске қосылды, бірегей нысан – Жастар сарайы салынды. Мамыр айында Қазақстан мен Ресейден келген жастар қатысқан халықаралық форум өтті – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

2018-2019 оқу жылында облыс мектептерінің оқушылары республикалық маңызы бар 53 марапатқа және халықаралық деңгейдегі 12 марапатқа ие болғанын, оның ішінде бір алтын медаль жеңіп алғанын ерекше атап кетті.

Облыс әкімінің орынбасары түлектерге сәттілік тілеп, педагогтар мен ата-аналарды құттықтады.

Құттықтау сөзінен кейін 2019 жылдың ең үздік 30 түлегіне «Алтын белгі» төсбелгісін және ақшалай сыйақыны табыс етті.

Жалпы облыс бойынша осы жылы 4793 түлек мектеп бітірді. Оның 186-ы – «Алтын белгі» иегері, 182 түлек үздік аттестатқа ие болған.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Владимир ФАЙЛЬ

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77