Здравоохранение

Демалыс уақытында алатын жарақаттар саны көп

Жаз – балалардың демалу уақыты. Мектептегі істерден босатылғаннан кейін олар күні бойы далада жүреді, көбінесе қараусыз қалады, бұл өз кезегінде түрлі жарақат алудың деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін

Жаз айларында травпункттер әртүрлі жарақат алған балалармен толы. Науқастар күндіз-түні келеді, ал мейірбике қызметкерлері пациенттердің көбейгеніне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істейді. Емдеу себептері қарапайым көгерулер мен кесулерден бастап, ауыр сынықтар мен сілкіністерге дейін әр түрлі болуы мүмкін.

Жазғы жарақаттардың ең көп тараған себептерінің бірі – велосипед, скейтборд және ролик. Әсіресе балалар қорғаныс құралдарын кимесе, бұл нәрселер ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Дулыға, тізе және шынтақ жастықшалары жарақат алу қаупін айтарлықтай төмендетеді, бірақ, өкінішке орай, балалар мен ата-аналар бұл қауіпсіздік шараларын жиі елемейді.

Дәстүр бойынша, жазда көшелер мен аулаларда серуендейтін балалардың саны күрт артады. Жеткіншектер мектептен демалып, бірге ойнайды, бір кішкентай көзғалыс үлкен қиындыққа алып келуі әбден мүмкін.

Балалар травпунктке түнде де, күндіз де, уақытқа қарамастан түседі. Мұның себептері көп болуы мүмкін.

Облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде әрдайым жұмыс көп, бірақ жазғы кезеңде одан да асып түседі.

– Мысалы, соңғы тәулікте 79 өтініш болды, оның 9-ы ауруханаға жатқызылды. Аналардың айтуынша, көптеген балалар велосипедпен қандай да бір шатқалға түскенді ұнатады, сол кезде жарақат алып, құлап қаламын деп ойламайды. Сондай-ақ, қазір бөлімде Лисаков қаласында төртінші қабаттан құлаған, бас сүйегінің ауыр жарақаты бар бала да жатыр. Ол жан сақтау бөлімінде комада жатқан еді. Бір-екі күн бұрын бала есін жиып, өзін жақсы сезініп келеді, – дейді дәрігер

Осы жазда аурухана төсегінде болғандардың бірі Алексей. Балаға құтырған ит шапқан.

– Менің баламның басынан өткергенін айту өте қиын. Оның қолын, аяғын, жамбас артериясын тістеп алған. Егер кішкене кешігіп қалғанда менің балам ауруханаға жете алмас еді. Алабай кішкентай ит емес, менің балам ғажайыптың күшімен аман қалды. Дәрігерлерге рахмет, – дейді Алексейдің анасы.

Дәрігерлер балаларға жарақаттанудан абай болуды, қауіпсіздік ережелерін үйрету керектігін, егер бір жарақат алса, кідірмей дереу травпунктке баруы қажеттігін еске салады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді және әрқашан кішкентай пациенттеріне көмектесуге дайын.

– Мен далада достарыммен ойнап жүрген едім. Ойын алаңындағы екі жақтан көтеріліп түсетін жердің ортасында отырып, астына қолымды қойып қалып едім, саусағым кесіліп кетті. Қан тоқтамай аққан болатын. Үйге барған соң анам мені бірден травпункке апарды. Ол жерде дәрігерлер жараны тігіп, таңып берді, – дейді кішкентай Елжас.

Әткеншек болсын, ойын алаңы болсын әрбір жерде өзіндік қауіпті орындары бар. Сондықтан “Сақтықта қорлық жоқ” дегендей, сақтанып жүрген маңызды.

Жазда жарақат алу пункттеріне барудың тағы бір жалпы себебі – спорттық ойындар. Футбол, баскетбол, волейбол және басқа да белсенді спорт түрлері сіңірдің созылуына, тіпті сынықтарға әкелуі мүмкін. Жаттығу алдында дайындықтың, дене қыздырудың болмауының себебінен, дене шынықтырудың жеткіліксіздігі және қауіпсіздік ережелерін сақтамау жарақат алу қаупін арттырады.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы көптеген жарақаттардың алдын алуға болатынын есте ұстаған жөн. Ата-аналар балаларын мұқият қадағалап, оларға спорттық жабдықтар мен ойын құрылымдарын дұрыс пайдалануды үйретіп, қорғаныс құралдарын кию қажеттілігін үнемі еске салып отыруы керек.

Жаз – бұл көңілді және далада көп уақыт өткізетін кезең. Сондықтан сақтық шараларын қолдану – жаз мезгілін барлық балалар үшін қауіпсіз және қуанышты ете отырып, жағымсыз оқиғалардан аулақ болуға көмектеседі.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Ларисы БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77